Кедендік рәсімдердің түрлері

1. Кедендік реттеу мақсатында тауарларға қатысты кедендік рәсімдердің мынадай: 1) ішкі тұтыну үшін шығару; 2) экспорт; 3) кедендік транзит 4) кеден қоймасы; 5) кедендік аумақта қайта өңдеу; 6) кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу; 7) ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу; 8) уақытша әкелу (жіберу); 9) уақытша әкету; 10) кері импорт; 11) кері экспорт; 12) бажсыз сауда; 13) жою; 14) мемлекеттің пайдасына бас тарту 15) еркін кедендік аймақ; 16) еркін қойма; 17) арнайы кедендік рәсім түрлері белгіленеді.

Кедендік рәсімді таңдау және өзгерту 1. Тұлғаның таңдауы бойынша кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар осы Кодексте көзделген тәртіппен және шарттарда белгілі бір кедендік рәсіммен орналастырылады. 2. Тұлға осы Кодекске сәйкес таңдалған кедендік рәсімді басқа рәсімге өзгертуге құқылы.

Кедендік рәсіммен орналастыру

Кеден органының осы Кодексте белгіленген тәртіппен тауарды шығарған күні тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру күні болып саналады.

309-бап. Тауарларды кедендік рәсіммен орналастырудың шарттарын сақтауды растау міндеті

Тауарларды кедендік рәсіммен орналастырудың шарттарын сақтауды растау міндеті декларантқа жүктеледі.

310-бап. Кедендік рәсімдер шарттарының сақталуынкедендік бақылау

1. Кеден одағы тауарларының мәртебесіне ие болмайтын тауарлар орналастырылған кезде кедендік рәсімдер шарттарының сақталуын кедендік бақылауды осы Кодексте белгіленген тәртіппен кеден органдары жүргізеді. 2. Кеден органы тауарларды шығарған мемлекеттен өзге кеден одағына мүше мемлекеттің аумағындағы, осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік бақылау осы Кодекстің 20-тарауына сәйкес жүргізіледі.

311-бап. Кедендік рәсімнің шарттары мен талаптарынсақтамағаны үшін жауапкершілік

1. Осы Кодексте белгіленген кедендік рәсімнің шарттары мен талаптарын сақтамағаны үшін, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, декларант жауапты болады. Тұлғалар, кедендік рәсімнің шарттары мен талаптары кедендік бақылаудағы тауарлар шығарылғанға дейін не олар Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге іс жүзінде әкетілгенге дейін аварияның не еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан біржола жоғалуы, зақымдануы немесе жойылуы себепті сақталмаған, сондай-ақ көрсетілген тауарлардың саны немесе жай-күйі тасымалдаудың, көлікпен тасудың, сақтаудың және пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайлары кезінде олардың табиғи тозуының немесе табиғи кемуінің салдарынан өзгерген жағдайларда, жауапты болмайды. 2. Тұлғалар кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерге қайта өңдеу үшін әкетілген тауарларға немесе олардың қайта өңдеу өнімдеріне қатысты: 1) тауарлардың немесе олардың қайта өңделген өнімдерінің аварияның немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан біржола жоғалуы немесе жойылуы себепті қайтарылмаған; 2) тауарлар немесе олардың қайта өңделген өнімдерінің саны тасымалдаудың, сақтаудың және пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайлары кезінде олардың табиғи тозуының немесе табиғи кемуінің салдарынан өзгерген; 3) тауарлар немесе олардың қайта өңделген өнімдері мемлекеттік органдардың немесе шет мемлекеттің лауазымды адамдарының іс-әрекеттері салдарынан иеліктен шыққан жағдайларда жауапты болмайды. 3. Тауарлардың біржола жоғалуына, бүлінуіне немесе жойылуына, олардың саны мен жай-күйінің өзгеруіне әкеп соққан мән-жайларды растау міндеті осы бөлімде айқындалған тұлғаларға жүктеледі. Шет мемлекеттердің аумағында болған мән-жайларды Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері немесе консулдық мекемелері, сондай-ақ жоғарыда аталған мән-жайлар болған мемлекеттің құзыретті органдары растайды.

312-бап. Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлардыалып қою (тыйым салу) салдарлары

1. Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар алып қойылған не мұндай тауарларға тыйым салынған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы тауарларға қатысты кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатыла тұрады. Егер тауарларды алып қоюдың не оларға тыйым салудың күшін жою туралы шешім қабылданса, кедендік рәсімнің қолданылуы қайта жаңғыртылады. Кедендік рәсімнің қолданылуын қайта жаңғыртқан кезде осы бөлімге сәйкес көзделген пайыздар оларды есепке жазу және төлеу кедендік рәсімнің қолданылуын тоқтата тұру кезеңі ішінде есепке жазылмайды және төленбейді. 2. Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды тәркілеу және мемлекет меншігіне өзгеше айналдыру кезінде осы тауарларға қатысты кедендік рәсімнің қолданылуы тоқтатылады, ал тәркіленген және мемлекет меншігіне өзгеше айналдырылған шетелдік тауарлар кеден одағы тауарларының мәртебесіне ие болады. 3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұлғаны әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту оның кедендік рәсімді сақтамағанына байланысты болса және жол берілген сақтамау аталған кедендік рәсімді одан әрі қолданудың мүмкін еместігіне әкеп соқса, кедендік рәсімнің қолданылуы тұлғаны жауапкершілікке тарту жөніндегі тиісті шешімнің күшіне енген күнінен кейінгі күннен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде аяқталуы тиіс. Оларға қатысты осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес кедендік рәсімнің қолданылуы аяқталмаған тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес ұстайды.

36-тарау. Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімі

313-бап. Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендікрәсімінің мазмұны

Ішкі тұтыну үшін шығару, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, орналастырылған кезде шетелдік тауарлар кеден одағының кедендік аумағында оларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулерсіз болатын және пайдаланылатын кедендік рәсім болып табылады.

314-бап. Тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудыңкедендік рәсімімен орналастыру шарттары

1. Тауарлар: 1) егер тарифтік артықшылықтар, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер белгіленбесе, кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу; 2) шектеулер мен тыйым салуларды сақтау; 3) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемдік шаралардың қолданылуына байланысты шектеулердің сақталуын растайтын құжаттарды табыс ету шарттары сақталған кезде ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылады. 2. Көрсетілген шарттар орындалған кезде тауар кеден одағы тауарларының мәртебесіне ие болады. 3. Тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулермен ұштасқан кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілген кезде тауарлар осы Кодекстің 301-бабына сәйкес шартты түрде шығарылуға жатады және шетелдік тауарлар мәртебесін сақтайды.

315-бап. Ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміменорналастырылатын (орналастырылған) тауарларғақатысты кедендік әкелу баждарын, салықтардытөлеу жөніндегі міндеттің туындауы, тоқтатылуыжәне оларды төлеу мерзімі

1. Декларантта ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет кеден органы кедендік декларацияны тіркеген кезден бастап туындайды. 2. Декларанттың кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеті: 1) ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты – осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда; 2) бұл тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулермен ұштасқан кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді пайдалана отырып, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты: егер тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулерді қолданудың өзге мерзімі белгіленбесе, бұл кезеңде осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында белгіленген кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі туындамаған жағдайда ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарған күннен бастап бес жыл өткен соң; бұл кезеңде осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында белгіленген кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі туындамаған жағдайда тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулерді қолданудың өзге де белгіленген мерзімі өткен соң; мұндай тауарларды мемлекет пайдасына бас тартудың немесе жоюдың кедендік рәсімдеріне орналастыру кезінде ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарған күннен бастап бес жыл ішінде не жеңілдікті қолданудың өзге де белгіленген мерзімі ішінде – тауарларды мемлекет меншігіне қабылдауды не оны жоюды растайтын құжатты кеден органына табыс еткен кезден бастап; бес жыл ішінде не ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығарған күннен бастап жеңілдікті қолданудың өзге де белгіленген мерзімі ішінде туындаған, осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда; мұндай орналастыруға дейін осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында белгіленген кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу мерзімі туындамаған жағдайда шартты түрде шығарылған тауарларды кері экспорттың кедендік рәсімімен орналастырған кезде тоқтатылады. 3. Кедендік әкелу баждары, салықтар мынадай мерзімдерде: 1) ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты, – тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес шығарғанға дейін; 2) осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулермен ұштасқан кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді пайдаланып, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларға қатысты: мұндай жеңілдіктерді пайдаланудан бас тартылған жағдайда – тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияға жеңілдіктерді пайдаланудан бас тарту бөлігінде өзгерістер енгізгенге дейін; мұндай жеңілдіктерді пайдалануға байланысты белгіленген осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулерді бұзатын немесе жеңілдіктер беру шарттарына сәйкес келетін мақсаттарды бұзатын тауарлармен іс-әрекеттер жасалған жағдайда, – көрсетілген іс-әрекеттерді жасаған бірінші күні, ал егер бұл күн белгіленбесе – кеден органы тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру үшін берілген кедендік декларацияны тіркеген күні төленуге жатады.

37-тарау. Экспорт кедендік рәсімі

316-бап. Экспорт кедендік рәсімінің мазмұны

1. Кеден одағының тауарлары кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетілетін және одан тысқары жерлерде тұрақты болуға арналған кездегі кедендік рәсім экспорт болып табылады. 2. Бұрын уақытша әкетудің немесе кедендік аумақтан тыс жерлерде қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды кеден органына іс жүзінде көрсетпей экспорт кедендік рәсімімен орналастыруға жол беріледі.

317-бап. Тауарларды экспорт кедендік рәсіміменорналастыру шарттары

1. Тауарлар: 1) егер кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі жеңілдіктер белгіленбесе, кедендік әкету баждарын төлеу; 2) тыйым салулар мен шектеулерді сақтау; 3) үшінші елдерге қатысты кедендік әкету баждарын қолдану мәселелерін реттейтін кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес Кеден одағының комиссиясы қалыптастыратын тауарлардың жиынтық тізбесіне енгізілген тауарларға қатысты тауардың шығарылған жері туралы сертификатты табыс ету шарттары сақталған кезде экспорт кедендік рәсімімен орналастырылады. 2. Экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған және кеден одағының кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілген тауарлар кеден одағы тауарларының мәртебесін жоғалтады.

318-бап. Экспорт кедендік рәсімімен орналастырылғантауарларға қатысты кедендік әкету баждарынтөлеу жөніндегі міндеттің туындауы ментоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі

1. Декларантта экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндет кеден органы кедендік декларацияны тіркеген кезден бастап туындайды. 2. Декларантта экспорттың кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға қатысты кедендік әкету баждарын төлеу жөніндегі міндет осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылады.