Мұқышев Шәкен Шәйкенұлы (1936 жылы туған, Сілеті ауданы Ақсу ауылы) – кенші, Социалистiк Еңбек Ері (1971). Еңбек жолын жылқы сарайында ат айдаушы болып бастады (1952). Ұзақ жылдар «Жолымбет» руднигінің «Южная» шахтасында еңбек етті. «Құрметті кенші» атағының иегері, КСРО орден, медальдарымен марапатталған. Дереккөздер</span> «Ақмола облысы» энциклопедиясы
Санат:Тұлғалар Санат:Социалистік еңбек ерлері