thumb|left|200px Архангельск - Ресейдің солтүстік-батысындағы қала, Архангельск облысының орталығы.
Теңіз (Ақ теңіз) және өзен порты, темір жол стансасы, Солтүстік Двина өзенінің атырауында.
Халқы - 350 985 адам (2013 жылғы мәліметпен).
Иван ІV Грозныйдың бұйрығымен 1584 ж. салына бастаған. Әуелі Новохолмогор деп аталған, 1613 жылдан Архангельск аталды.
Архангельск - Англиямен және Батыс Еуропа елдерімен байланыс жасаған тұңғыш теңіз порты.
Ағаш өнеркісіпбі мен ағаш экспортының ірі орталығы. Машина жасау зауыты, тамақ, жеңіл өнеркәсіп орындары бар.
Архангельск - Ресейдің Солтүстік Еуропалық бөлімінлегі мәдени және ғылыми орталығы.
Орман-техникалық, медицина, педагогикалық университеттер, көпетеген орта оқу орындары бар.
Ресей ғылым академиясының стационарлы, Солтүстік теңіз жолының гидрографиялық базасы, екі мұражай және театрлары бар.
1000px|Архангельск қаласының түнгі көрінісі.
Дереккөздер
Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том
Санат:Ресей облыс орталықтары