Егістік көздәрі (лат. Anagallis arvensis)Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет. – наурызшешек тұқымдасына жататын бір жылдық, шөп тектес өсімдік.

Сипаты

Сабағы төрт қырлы, жерге төселіп көлбей өседі, бұтақтары көп. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, жұмыртқа тәрізді, шеттері бүтін. Жапырақтарының төменгі жақтарынан қарағанда көрінетін қара дақтары бар. Гүлдері әдемі, қызыл түсті, гүл сабақтары ұзын, жапырақтарының қуысына жеке-жеке орналасқан. Гүл тостағаншасының қалақшалары да, гүл жапырақшалары да бес-бестен. Жемісі - ашылатын қақпағы бар, ішінде тұқымы көп қауашақ. Егістік көздәрі құмды, тастақты жерлерде, далалы аймақтарда, егістік араларында арамшөп ретінде өсе береді.

Емдік қасиеті Дәрі жасау үшін өсімідіктің жер үстіндегі бөлігін жинайды. Құрамында сапониндер, ферменттер, примвераза деген гликозид бар. Халық медицинасында бұл өсімдіктен жасалған дәрілердің несеп айдайтын, қабынуға қарсы әсер ететін, орталық жүйке жүйесін тыныштандыратын, бүйректегі, қуықтағы тастарды ерітетін қасиеттері бар деп есептеледі. Егістік көздәрімен өкпе туберкулезін, демікпені, жүйке жүйесінің, бауыр және көз ауруларын емдейді. Бүйрек қабынғанда, іш жүрмей қалғанда және тері ауруларын емдеуге де қолданады.

Тағы қараңыз Дәрілік өсімдіктер

Дереккөздер

Санат:Наурызгүлдер Санат:Дәрілік өсімдіктер