Афиллофорлар немесе Полифорлар, () — базидиомицет бөліміне жататын саңырауқұлақтар тобы. 1000-нан астам түрлері белгілі.
Афиллофорлар базидиоспора шығаратын базидиясы бар клеткалы, жеміс денесінің пішіні әр түрлі болады. Төменгі сатыдағы түрлерінде жеміс денесі болмайды. Мицелиясы өрмекшенің өрмегіне ұқсап қоректену ортасының үстінде, кейде субстраттын бетінде киіздей қалың болып жатады. Олардың ішіндегі ең зияндысы - үй саңырауқұлағы. Еденге төсеген тақтайды дымқылдандырып, оның астынғы бетінде қара күрең түсті болып, киізше төселіп жатады. Ағаш сүрегін ұнтақтап, іске жарамсыз етіп тастайдыҚазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том.
Тұқымдас тармақтары Cystostereaceae Fomitopsidaceae Ganodermataceae Meripilaceae Meruliaceae Phanerochaetaceae Polyporaceae Sparassidaceae Xenasmataceae
Синонимдер Carleton Rea Coriolales Jülich Fomitopsidales Jülich Ganodermatales Jülich Grifolales Jülich Perenniporiales Jülich Phaeolales Jülich Poriales Locquin Trametales Boidin et al.
Дереккөздер
Санат:Биология