Ахмед Мидхат (түрікше - Ahmed Midhat Efendi) (1844, Стамбул - 30.12.1913, сонда) - түрік жазушысы, ағартушы. Түрік әдебиетінде қысқа әңгіме мен роман жанрының негізін салушы.

Кедей отбасында туған. Алғашқы әңгімелер жинағы - "Әңгіме түйіні" 1870 ж. шықты. Ахмед Мидхат - 80-нен аса әңгіме, роман, пьесаның, тарих, дін, философия, география т.б. туралы еңбектердің авторы. Ахмед Мидхат шығармаларында әртүрлі әдеби бағыттардың (романтизм, реализм, натурализм) сарыны байқалады.

Белгілі шығармалары Оның данқын шығарған: "Янычарлар" - 1871 ж. "Екінші рет дүниеге келу" - 1874 ж. "Хасан Меллях" - 1874 ж. "Хұсейн Феллах" - 1875 ж. "Парижде бір түрік" - 1876 ж. "Биші қыз" - 1877 ж. "Адмирал Бинг" - 1881 ж. "Дурдане ханым" - 1882 ж. "Дипломды қыз" - 1889 ж. "Жас түрік" - 1908 ж. романдар сериясыҚазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том.

Дереккөздер

Санат:Түркия