Қонақ тары немесе Баттауық. немесе Ит қонақ, немесе Қарабас шөпҚазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5 () – астық тұқымдасының Echinоchloa туысына жататын бір жылдық өсімдік.

Ботаникалық сипаты

Биіктігі 10 см-ден 120 см-ге дейін жетеді. Сабағы түбінен бастап бұтақталған, домалақ сабан сабақты. Жапырағы жалпақ таспа тәрізді, тілшесіз, жиегі өткір бұдырлы. Масағының қос жынысты жұмыртқа тәрізді бір гүлі болады, сағақсыз немесе қысқа гүлсағақты. Гүлшоғырының ұзындығы 20 см-дей сыпыртқыгүл. Масағының ұзындығы 3 мм-дей, қатты түкті қабыршағы бар. Жемісі - сопақша келген дәнек, ұзындығы 2-3 мм, ені 1,2-1,25 мм.

Көбеюуі Маусым-қыркүйек айларында гүлдейді, тамыз-қыркүйек айларында піседі. Тұқымынан көбейеді. Дәні құстарға азық ретінде қолданылады.

Өсу ареалы Қазақстанның барлық жерінде егістіктерде және бау-бақшаларда өседі.

Дереккөздер

Санат:Астық тұқымдасы Санат:Қазақстан флорасы