Примус. Күнделікті тұрмыста, көбінесе саяжайда, селоларда пайдаланылатын шаруашылық примустары, сондай-ақ туристерге, аңшыларға, балықшыларға, геологтарға, альпинистерге арналған шағын примустар да бар. Оған жанармай ретінде керосин пайдаланылады; керосин оттыққа қысыммен беріледі де, мұнда ауа мен керосиннің жоғары калориялы қоспалы түзіліп, осы қоспа оттықтың үстінде жанады. Керосин насос орнатылған резервуарға құйылады, сосын оған қажетті қысым жасалады. Резервуарды оттықпен жалғастыратын түтікше құбырда оттыққа керосиннің берілуін реттейтін механизмі болады. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9 Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Примус · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.