thumb|left|160px| Ацератерийдің қазбадан табылған бас сүйегі
Ацератерий- қазба түрінде табылған керіктер тұқымдасына жататын мүйізсіз керік.
Биологиялық сипаттамасы Айератерий осы кездегі керіктерден аласа, бірақ жүрдектеу болған.
Дене тұрқы - 2,5 м-дей, бойы - 1 м-ге жеткен. Аяқтары 3 аша тұяқты, тек кейбір ертерек тіршілік еткен түрлерінде алдыңғы аяғы 4 ашалы. Сававнна сияқты ашық далаларда өмір сүрген.
Таралуы Ацератерий неоген дәуірінде Батыс Еуропа мен Азияда кең тараған. Ацератерийдің 5 түрінің әр түрлі сүйектері Қырымда, Кавказда, Украинада, Молдавияда жоғарғы миоцен - төменгі плиоцен шөгіндісінен белгілі. Қазақстанда Айератерийдің қаңқасы т.б. түрлі сүйектері жоғарғы олигоцен - төменгі миоцен шөгінділерінен Қостанай облысындағы Жыланшық өзенінің бойынан, Арал теңізі маңынан, Аякөз ауданынан табылған.
Дереккөздер
Санат:Мүйізтұмсықтар Санат:Жойылып кеткен жануарлар