Бақытжан Ошақбайұлы Тобаяқ (1953 жылы 21 сәуірде туған, Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Бостан ауылы) — ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1994), КСРО өнертапқышы (1986), Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет қайраткері (2003).
Білімі 1973 жылы ҚазПТИ-ді бітірген. 1993 жылы ҚазМУ-ді бітірген. Ш.Шокин атындағы Энергетика ғылыми зерттеу институтының аспирантурасын бітірген.
Еңбек жолы Еңбек жолын Өскемен жылу энергетикалық орталығында жөндеуші ретінде бастаған. Кейін республикалық «Қазтехэнерго» кәсіпорнында (1973) инженер. Энергетика министрлігінде инженер Ташкент көлік қатынасы инженерлік институтының филиалында оқытушы Қазақтың Энергетика ғылыми зерттеу институтының ғылыми қызметкер (1976-86) болды. 1986-99 жылдар аралығында баспа орындарында «Қазақ энциклопедиясы», «Зерде», «Қаржы-қаражат» журналында, «Халық Кеңесі» газетінде, ҚазАқпарат-та, «Хабар» агенттігінде, т.б. әр түрлі жауапты қызметтер атқарды. Қазір ұлттық «KEGOC» энергетикалық компаниясында бөлім бастығы.
Еңбектері «Бостан» (1994) «Темірқазық» (1999) «Сонар» (1999) «Металдар құпиясы» (1997) «Егемен елдің экономикасы» (1995) «Адамзат тірлікті дәулет білмек...» (2000) «Құланиек» (2000) «Алматы көшелері» (2001), т.б. өлең жинақтары мен ғылыми-танымдық кітаптары жарық көрген.
Маврапаттары КСРО өнертапқыштары белгісі (1986) Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (2003). Кербұлақ ауданының құрметті азаматы.Жетісу, Энциклопедия. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2004.
Дереккөздер
Санат:21 сәуірде туғандар Санат:1953 жылы туғандар Санат:Кербұлақ ауданында туғандар Санат:КСРО өнертапқыштары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Ташкент көлік қатынасы инженерлік институты оқытушылары Санат:Кербұлақ ауданының құрметті азаматтары