Нгонилер (ангони, мазиту, мгвангара)Большая советская энциклопедия, БСЭ. 2012 https://slovar.cc/enc/bse/2021743.html — Малавидің Орталық және Оңтүстік провинцияларында тұрады. Солтүстік (чивере, мсакамбева) және оңтүстік (качиндамото, качере, гомани, масула, ликонгве, кандуку, бвумбве) болып бөлінеді.Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2650601 Жалпы саны 1,5 млн. адам. Негізгі қоныстанған елдер: Малави – 700 мың адам, Танзания – 340 мың адам, Замбия – 300 мың адам. Басқа қоныстанған елдер: Мозамбик – 60 мың адам.Современная энциклопедия НГОНИ https://rus-modern-enc.slovaronline.com/7548-%D0%9D%D0%93%D0%9E%D0%9D%D0%98
Тілі Көпшілігі суахили, ньянджа, т.б. тілдерде сөйлейді.Большая советская энциклопедия Нгони Источник: https://gufo.me/dict/bse/%D0%9D%D0%B3%D0%BE%D0%BD%D0%B8
Діні Нгонилер дәстүрлі діни культтерді (табиғат күштері, ата-бабалар) сақтаған, кейбіреулері исламды қабылдады.Нгони https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/308841
Тарихы Ежелгі тарихы туралы мәлімет аз кездеседі, 1820 жылы Оңтүстік Африкадан Ньяса кені маңына қоныс тепкен, 19 ғасырда бір бөлігі Виктория кені маңына келіп яо, малави, нсенга, т.б. халықтармен араласқан.Қазақ энциклопедиясы, 7 том
Кәсібі Нгонилер мал және егін шаруашылығымен айналысады. Еркектер мал бағып, әйелдер жүгері, тары, жержаңғақ, көкөніс өсірді. 20 ғасырда ауыл шаруашылығы саласы кеңейіп, астық дақылдары пайда болды. Қазіргі Нгониде қолмен атқарылатын егіншілік жүйесі жиі кездеседі. Көркемдік қолөнерден – керамика (әшекейленген ыдыстар, тостағандар), төсеніш тоқу дамыған.Народы и культуры Нгони https://travel-journal.ru/ethno/41/1076/
Өмір салты Көпбалалы патриархалдық қауымдастық өз маңызын сақтап қалғанымен, әлеуметтік стратификация маңызды роль атқарады.
Қоныстары крааль деп аталады.
Киімдері Еуропалық үлгіде.
Негізгі тағамдары - жарма, тарыдан жасалған бұқтырылған тағамдар, жүгері, т.б., сирек етті пайдаланады.
Музыкалық-би фольклоры сақталған.народы мира / Нгони http://www.etnolog.ru/people.php?id=NGON
Сілтемелер Малави Крааль Нсенга Замбия
Дереккөздер