Майбалық — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы, Благовещен ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 48 км-дей жерде, Майбалық көлінен шығысқа қарай орналасқан.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 423 адам (211 ер адам және 212 әйел адам) болса, 2009 жылы 322 адамды (165 ер адам және 157 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Солтүстік Қазақстан облысы) елді мекендері