Утіс немесе Гиламонстр () – Бауырымен жорғалаушылар класының қабыршақтылар отрядыңын утістілер тұқымдасына жататын биологиялық түр. Америка Құрама Штатының оңтүстік-батысы мен Мексиканың солтүстігінде тіршілік етеді.
"Гиламонстр" () - утістің ағылшынша атауы, Аризонадағы Гила өзеніне байланысы пайда болған. Солтүстік Америкада екі улы кесіртке тіршілік етеді. Утіс соның бірі. Екіншісі - "мексикалық моншақты кесіртке" деп аталады.
Утіс сырт көзге түсе бермейді, сондықтан оның өмірін бақылау өте қиын. Утістің терісі - моншақ тәрізді қара, қызғылт, қызыл, оттың тіліне ұқсайтын сары сүйелшелермен қапталғандықтан, шұбар болып көрінеді. Құйрығының ашық және қара түсті жолақтар кезектесе орналасқан. Қабыршақ құрайтын бұл мүйізді моншақтар ғылымда "остеодерм" (остеодерм - омырқалы жануарлар терісінің сүйекке айналуы) деп аталады.
Ұзындығы - 60 см, оның шамамен 15-17 сантиметрі құйрығынан тұрады, салмағы - 1-2 келі. Утістер 20 жылдай өмір сүреді. Түсіп қалған тістері үнемі қайтадан өсіп шығады. Иіс сезу қабілеті өте дамыған."1100 қызық деректер жануарлар"
Дереккөздер
Санат:Утістілер