Әбдіқадыр мешіті – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген 20 ғасырдың басында салынған сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай көшесі, 5.
Сипаты Тараз қаласында Әбдіқадыр атты кісінің қаржысына салынған. 20 ғасырдың 30 жылдарында бұзылып, алдыңғы беті мен азаншы мұнарасы ғана қалған. Ескерткіш 1975-80 жылдары жөндеуден өткен. Оның аумағына жаңа медресе ғимараты салынды. Әбдіқадыр мешіті Орта Азияның осы тектес құрылыстары үлгісінде салынған. Алдыңғы қабырғаның дәл ортасында жебе тәрізді арқалы терең ойық жасалып, екі жағында сүйірлене шыққан жіңішке мұнара тұрғызылған. Күмбезбен жабылған азаншы мұнарасында қарама-қарсы 6 терезе бар. Мешіт күйдірілген кірпіштен қаланған."Тараз. Жамбыл облысы" (Қазақ энциклопедиясы), 2003
Дереккөздер
Санат:Тараз мешіттері Санат:Жамбыл облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Қазақстан кесенелері Санат:Жамбыл облысы сәулеті