Кәдімгі амёба (), немесе амёба протей — Lobosa класының (лобоза амёбалар) ірі түрінің бірі.

Жасушаның құрылымы thumb|left|200px| Қозғалып жүргенде дене тұрқы 0,5 миллиметрдей, жай көзге майда тамшыдай болып көрінеді. Микроскоппен қарағанда дененің (жасушаның) әр жерінде бірде пайда болып, бірде жоғалып тұратын өсінділер көзге түседі.

Амеба денесін плазмолемма деп аталатын өте жұқа, серпімді жарғақша қабық (мембрана) қаптап тұрады. Жасуша ішіндегі цитоплазма үнемі қозғалыста болады. Цитоплазманың қозғалысы әсерінен жәндік денесінде ең алдымен іркілдек бүртік пайда болады. Ол бірте-бірте созылып, ұшы тұйық өскінге айналады. Бұл өскін жасушаның бір жерінде тұрақтамайды; ол жерден жоғалып, дененің басқа бір жерінде түзіліп, үнемі осылай өзгереді. Осымен байланысты амеба денесінің пішіні тұрақты болмайды, өзгеріп тұрады.

Видеогалерея

Дереккөздер