Лайлы – Көкпекті алабындағы өзен.

Географиялық орны Абай облысы Көкпекті ауданы жерімен ағады. Ұзыңдығы 38 км, су жиналатын алабы 321 км2, жалпы ұзындығы 36 км болатын 30-дан астам саласы бар. Ірілері: Оразбай, Жуандық.

Бастауы Бастауын Қайыңдышоқ орманының (қонысының) оңтүстігіндегі бұлақтардан алып, Құлынжон ауылы маңында Құлажон өзеніне сол жағынан құяды.

Гидрологиясы Лайлы қыстауына дейінгі арнасы жарқабақты, жарлауытты, одан төмеңде аңғары кеңейіп сайлы-жыралы өңірмен өтеді. Арнасында жыл бойы су болады. Негізінен жер асты және жауын-шашын суларымен толығады. Кей жылдары жазда Көкжыра ауылынан төменде ағысы қарасуларға бөлініп қалады. Самар ауылы маңында өзенге шағын бөген салынған. Алабының басым бөлігі техникалық дақылдарға арнап жыртылған, сондай-ақ өзен алабы шабындыққа және мал жайылымына пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Көкпекті ауданы өзендері