Базарбек Өсербаев (8 қазан 1924 жылы, Үшарал ауылы, Алакөл ауданы, қазіргі Жетісу облысы — 1970, Қызылорда) — қазақстандық тарихшы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент (1956). Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан.Қазақ энциклопедиясыӨсербаев Базарбек //СЫР ЕЛІ. Энциклопедия. – Алматы: «Тау–Қайнар» ЖШС, 2024. – 521-б.
1942 жылы Семей облысы Үржар ауданындағы Мақаншы орта мектебін, 1950 жылы Қызылорда педагогикалық институтының (қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті) тарих факультетін бітірген. 1956 жылы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтының аспирантурасын аяқтаған.
1946–1953 жылдары Қызылорда облыстық партия комитетінде хатшының көмекшісі және баяндамашылар тобының лекторы қызметтерін атқарған. 1956–1961 жылдары Қызылорда педагогикалық институтының марксизм-ленинизм кафедрасында доцент болып жұмыс істеген.
1961–1963 жылдары Қарағанды политехникалық институтының (қазіргі Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті) Кеңес Одағы Коммунистік партиясы тарихы кафедрасының меңгерушісі болған. 1963 жылдан өмірінің соңына дейін Қызылорда педагогикалық институтының ректоры қызметін атқарған.Университетті әр жылдары басқарған ректорлар
Ғылыми зерттеулерінде ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мәселелерін қарастырған.
Марапаттары
Қызыл Жұлдыз ордені; бірінші дәрежелі Отан соғысы ордені; екінші дәрежелі Отан соғысы ордені.
Санат:Әдебиет
Дереккөздер