Төрге отырғызу - қазақ халқының күнделікті тұрмысында кадірлі, сыйлы қонақты, қарт кісілерді құрметтеу әдебі. Халқымыздаың тіршілігінде төрдің маңызы зор. Төрге отырғызу сыйлауды, құрметтеуді білдіреді. Төрге отырғызу бірнеше жағдайларда орындалады. Біріншісі, күнделікті күйбең тіршілікте төрге қария кісі немесе үйдің иесі отырады. Екінші жағдайда, той-жиындарда төрге ақсақалдар не болмаса жас ерекшелігіне қарай үлкен ағалар немесе қызметі жоғары кісілер орын алады. Ал үшіншісі, үйге қонақ келген жағдайда төрге міндетті түрде қонақ отырады. Төрге отырғызудың тағы бір түрі - күнделікті тұрмыста бойжеткен қызды немесе төркініне келген қыздарды аяқ жаққа отырғызбай, төрге шығарады. "Төрге шықпаған қыз - төркінін кедейлетеді" деген сенім бар.
Дереккөздер Қазақ Совет Энциклопедиясы