Мүслетдин Мағамбетұлы Өтемағамбетов (5 желтоқсан 1917 жыл, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы - 12 наурыз 1966 жыл, Алматы) — қазақ кеңес физикалық географы. Ландшафттану, физикалық-географиялық аудандау, Қазақстан геоморфологиясы саласындағы көрнекті ғалым. Географиялық ғылымдарының кандидаты, доцент (1956). Қазақстан география қоғамын ұйымдастырушылардың бірі. 1964 жылы Алматыда өткен Бүкіл Одақтық 6-ландшафттану кеңесінде «Таулы аймақтар ландшафтысын танудың проблемалары» деген тақырыпта көлемді баяндама жасады. М.М.Өтемағамбетовтың жоғары оқу орындарында арнаған «Қазақстанның физикалық географиясы» оқулығы бірнеше басылыммен шығарылды.Қазақ Совет Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:5 желтоқсанда туғандар Санат:1917 жылы туғандар Санат:12 наурызда қайтыс болғандар Санат:1966 жылы қайтыс болғандар Санат:Ойыл ауданында туғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан географтары