Қайындап бару (дәстүр) - күйеуді де, оның қайың жұртын да сынайтын үлкен жол.
Қыздың төркіндеп, оның күйеуі қайындап, жиен нағашылап барады. Қыз төркіндеп бара алмаса, өз жамандығы, жолынан жығылғаны деп біледі халық. Мұндайда жол - жоралғыдан сүрінетін ел - жұрт болмайды, оларды хандай көтеріп алады.
Сонымен "жігіттігі" ұстап, маңыздана басып, маңғаз қарап, жарын ертіп, елге күйеу қайындап келе жатыр. Күні бұрын құлақтанған кайын жұрт оларды әдеппен, қуанышпен, құрметпен қарсы алады. Күйеуді де келін түсіргендей етіп әзіл - қалжыңмен күтедіб балдыздар оның құлағына жармасып жатады. Елге күйеудің осындай дәстүрмен келуі - ауыл адамдары үшін бір мереке. Балалар қуанып, үлкендер шаттанып, үлкен мәжіліс құралады, кең дастарқан жайылып, сапырлаған сары қымыз, табақ - табақ ет қойылады, шашу шашлып, көңілді күлкі, сауық - сайран қайындап келген күйеудің ажар - беделін одан әрі көтере түседі.Төл сыбағасын - төсі мен асықты жілігін жеген күйеу де риза, оның жанындағы сол елдің қызы да риза.
Кенжеахметұлы С. К – 30 Қазақ халқының салт – дәстүрлері. – Алматы: «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2010. – 312 бет, суретті. ISBN 978 – 601 – 01 – 0374 – 0 Дереккөздер