Феликс Христиан Херберт Иверсен (Felix Christian Herbert Iversen; 22 қазан 1887 — 31 шілде 1973) – фин қоғам қайраткері, бейбітшілік күрескері. 1909 жылы Хельсинки университетін бітірген. 1920—1954 жылдары сол университеттің математик профессоры болып тағайындалады.

Еңбек жолы Шешен және публицист пацифист ретінде Финляндия мен Скандинавия елдеріне аты мәшһүр болды. Ол еркіндікті жақтаушылар қозғалысына белсене қатысады. Иверсен 1949 жылдан Финляндиядағы бейбітшілікті жақтаушылар ұйымының вице президенті. 1950—1952 Солтүстік Еуропа елдері Бейбітшілік одағының председателі. 1950 жылдан Бүкіл дүние жүзілік Бейбітшілік Советінің мүшесі. 1955 жылы «Халықтар арасында бейбітшілікті нығайтқаны үшін» Халықаралық Лениндік сыйлықтың лауреаты атанады.

Санат:Физика-математика ғылымдарының докторлары