Дөңгелек жапырақ қайың (Қайыңдар тұқымдасы) - тек Алтайдың биік тауларында бұта түрінде өседі, сондай-ақ мүкті бұтақтарда, тундрада, самырсын және балқарағай ормандарында кездеседі. 2 м биіктікке дейін тегіс қалың шілік құрады, кейде жайылып өседі. Бұтақ қабығы күрең, шайырлы бездермен қалың жабылған. Жапырағы ұсақ, дөңгеленген, қысқа сағақты. Маусым-шілде айларында гүлдейді, күзде жеміс беретін сырғалары тік болады. Халық медицинасында бүйрек және буын ауруларында жиі пайдаланылады. Қабығы жүнді сары түске бояуға қолданылады.А. А. Иващенко. Қазақстан өсімдіктер әлемі. Алматыкітап баспасы, 2012.

Дереккөздер

Санат:Қайың тұқымдасы Санат:Қазақстан флорасы