ТАЗАРТУ – 1) металлургияда құймалар мен жаншылған металдардың беттік қабатын күйіктен, таттан, құймалық қоспалар мен шаң-тозаңнан, сондай-ақ құю жүйесінің элементтерін кедір-бұдырдан арылту. Бұл үшін құм жаудырып өңдеу машинасы, тазалау барабаны, гидравлик. аппараттар, сондай-ақ қышқылмен, отпен күйдіріп тегістеу тәсілдері, т.б. пайдаланылады. 2) Мұнайды қайта айдаудан пайда болған дистиллаттарды зиянды қоспалардан (нафтенді қышқылдар, күкіртті қосылыстар, т.б.) арылту. Бұл үшін мұнай өнімдері күкірт қышқылымен, әктаспен, гипохлоритпен, хлорлы алюминий мен, т.б. өңделеді. 3) Түтін газдарын олардың құрамындағы қатты, бу және зиянды газ тәрізді қоспалардан арылту. Бұл процесс атмосфераны ластамау мақсатында арнаулы машиналармен (күл ұстағыш циклон, электр сүзгі, т.б.) жүзеге асырылады."Қазақ Энциклопедиясы", 8 том

Дереккөздер

Санат:Экологиялық терминдер