Күреңбел (1993 жылға дейін – Самсоновка)Об упоpядочении тpанскрибиpования на pусском языке казахских топонимов, наименовании и пеpеименовании отдельных администpативно-теppитоpиальных единиц Республики Казахстан — Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл, Күреңбел ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 22 км-дей жерде, Теріс өзені жағалауының бетеге, нарғия, т,б, шөптесін өскен шалғынды қоңыр, бозғылт қоңыр топырақты тауаралық құрғақ аңғарға орналасқан.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1933 1816 93,9 951 938 98,6 982 878 89,4

Тарихы Іргесі 1952 жылы Чапаев атындағы сүт өндіру ұжымшары ретінде құрылған. Ұжымшар негізінде Күреңбелде және округке қарасты Қаратас ауылында 2 өндірістік, 16 шаруа қожалықтары құрылған. Орта, орталау мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, 2 фельдшірлі-акушерлік, 2 фельдшірлі пункт бар.

Бұрын "Самсоновка" деп аталған. Бұл ауыл еліміз тәуелсіздік алған соң тарихи атауына қайта ие болды. Оның Күреңбел атануы сонау сағымды қырдан күреңітіп тұрған соң осылай аталған деседі, өйткені аудан орталығына бара жатқан оңтүстік беткейі биік асу, ал солтүстік жағы да биік жон немесе тау белдеулері. Бұл жердің шөбі ерте қуарады да жаз ортасында-ақ күреңітіп жатады."Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы". Тараз, "Сенім", 2007 ж. ISBN 996-548-39-0

Дереккөздер

Санат:Жуалы ауданы елді мекендері