Үбі (Оба) өзенінің сол жағалаулық аңғарында, Шығыс Қазақстан облысы Глубоков ауданындағы Қарақожа ауылынан оңтүстікке қарай 1 км жерде орналасқан. Ертіс полиметалл комбинатының кенштерін сумен қамтамасыз етуге байланысты барланып пайдаланылуда. Оның тәуеліктік су шығымы 7 мың/ м³. Су кені өзен аңғарындағы полеозой тау жынысының жарықшақтарындағы төрттік кезеңінің аллювийлі шөгінділерінде шоғырланған. Сулы қабатының қалындығы 1,4-3 м тереңдікте жатыр. Су дөңбектасты-малтатасты және құмды-сазды толықтырушыға жиналған. Ұңғыма дебиті 6,4-6,9 л/с Суы тұщы, гидрокарбанатты кальцийлі, минералдылығы 0,1-0,2 г/л. Өзен бойымен арақашықтығы 90-100 м болатын 14 ұңғыма қызылған. Бас тоғанның жиынтық шығымы үі л/с.пайданалатын ұңғымалардың тереңдігі 15-20м.
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Қарақожа жер асты су кені · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.