Карл Роджерс(1902-1987). Гуманистік психологияның, жеке тұлға псхологиясының көрнекті өкілдерінің бірі – Карл роджерс Иллинойс штатында дүниеге келген. Көптеген ғылыми қоғамдардың белсенді мүшесі болған. К.Роджерс өзінің психология ғылымына қосқан үлесі үшін Америка психологиялық ассоциациясы тарапынан 1956,1972 ж.ж. екі мәрте марапатталған. Теория және онығ кәсіби психологияға әсері тұрғысынан К.Роджерстің еңбегі өте жоғары бағаланды. Еңбектері "Психотерапия және тұлғаның өзгеруі" (1954); "Тұлғаның қалыптасу: психотерапевт көзқарасы" (1969); "Болмыс тәсілі" (1980 ) Психология: Энциклопедиялық сөздік./ Бас ред. Б. Ө. Жақып — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011 ISBN 9965-893-71-3 Дереккөздер

Санат:1902 жылы туғандар Санат:1987 жылы қайтыс болғандар Санат:Психологтар