«Антонов» мемлекеттік кәсіпорны () — украиналық авиақұрылыс концерні. Концерн құрамына конструкторлық бюро, зертханалар комплексі, эксперименталды зауыт және ұшақтарды жобалау мен сертификаттаумен айналысатын тәжірбиелік комплекс кіреді.
Тарихы
ОКБ-153 тәжірибелік-конструкторлық бюросы (ТКБ) 1946 жылы 31 мамырда (б)ПК ОК мен КСРО Министрлер кеңесінің қаулысымен Новосибирск авиациялық зауытында құрылды. Бас конструктор болып Антонов Олег Константинович тағайындалды.
ТКБ-ға бірден ауылшаруашылық Ан-2 ұшағын жасап шығаруға тапсырма берілді. Бұл ұшақ 1947 жылы 31 тамызда алғаш әуеге көтерілді.
1952 жылы ТКБ Киевке көшті.
1953 жылдың соңында ТКБ екі турбовинтті қозғалтқышпен жабдықталған әскери-тасымалдаушы ұшақ құрасытыруға тапсырма алды. Нәтижесінде 1956 жылы 11 ақпан алғаш ұшқан Ан-8 ұшағы жасап шығарылды. 1956 жылы ТКБ Ан-10 және Ан-12 ұшақтарының жобалау жұмыстарын бастады. 1957 жылы 7 наурызда Ан-10 жолаушы ұшағы өзінің алғашқы ұшуын орындады, ал сол жылдың 16 желтоқсанында Иркутск авиациялық зауытынан шыққан Ан-12 тасымалдаушы ұшағы алғаш ұшуын орындады. 1956 жылы ОКБ-153 КСРО Үкіметінің тапсырмасы бойынша Ан-14 ұшағын бойынша жұмыстарын бастады. Ан-14 алғашқы ұшуы 1958 жылы 14 наурызда орындалды. 1957-1959 жылдар аралығында Ан-24 жолаушы ұшағы (алғаш ұшуы 1959 жылы 20 қазақнда) жасап шығарылды.
1959 жылы Киев төңірегіндегі Гостомель ауылында ұшақтарға ұшу тәжірибелері мен жақсарту жұмыстарын өткізуге арналған әуе базасының құрылысы басталды. 30 жыл аралығында осы жерде Еуропаның алғы шепкі ұшу орталықтарымен тең дәрежелі, жақсы жабдықталған комплекс құрылды. 1960 жылдың соңында ТКБ Ан-22 «Антей» ұшағының жобалап бастады. Бұл әлемдегі алғашқы кең фюзеляжды ұшақ болды. «Антейдің» алғаш ұшуы 1965 жылы 27 ақпанда болып өтті.
1962 жылы Ан-12 ұшағына Ленин премиясы берілді, ал Олегу Константиновичке Бас конструктор атағы берілді.
1970-жылдардың басында кәсіпорын көпмақсатты Ан-28 ұшағын жасап шығарды. Оның алғаш ұшуы 1973 жылы 29 қағтарды болып өтті. 1970-жылдары кәсіпорын ТКБ үшін алғаш рет екі контурлы турбореактивті қозғалтқыштармен жабдықталған ұшақ - Ан-72 ұшағын жасап шығарды. Ан-72 әуеге алғаш 1977 жылы 31 тамызда көтерілді. Оның негізінде 1983 жылы 29 қыркүйекте алғаш ұшқан Ан-74 ұшағы жасап шығарлыды. 1971 жылы ТКБ Ан-124 «Руслан» алыс қашықтықтық ауыр тасымалдаушы ұшағының жобалау жұмыстарын бастады, ал 1982 жылы бұл ұшақ алған әуеге көтерілді.
1984 жылы 4 сәуірде Олег Константинович Антонов қайтыс болды. 15 мамырда бас конструктор болып Петр Васильевич Балабуев тағайындалды, ал 19 қарашада кәсіпорынға О.К. Антонов есімі берілді.
1984 жылы кәсіпорын әмбебап Ан-225 «Мрия» аса ауыр тасымалдаушы ұшағы бойынша жобалау жұмыстарын бастады. 1988 жылы 21 желтоқсанда ол алғаш ұшты. 1989 жылы мамырда ұшақты «Буран» ғарыш кемесімен бірге Байқоғырға ұшуы болды, ала маусымда ұшақ «Буранмен» бірге Ле Бруже авиациялық салонына қатысты. Қазіргі тағда Ан-225 «Авиалиний Антонова» әуе компаниясының құрамында коммерциялық жүк тасымалдарында қолданылуда.
1989 жыды О.К. Антонов атындағы АҒТК-нің бөлімшесі болып табылатын «Авиалинии Антонова» әуе тасымалдаушы кәсіпорны құрылды.
Ан-225 ұшағын жасап шығарғаннан кейін кәсіпорын орта қашықтықтық Ан-70 тасымалдаушы ұшағын жасауға кірісті.Ұшақ алғаш 1994 жылы 16 желтоқсанда ұшты. 1990-жылдары жеңіл көпмақсатты Ан-38 ұшағы жасап шығарылды. Ан-38 алғаш 1994 жылы 23 маусымда ұшты. 1993 жылы «Антонов» АҒТК Ан-140 жаңа регионалдық ұшағын жобалап бастады. Бұл ұшақ алғаш 1997 жылы 17 қыркүйекте ұшты. 2000-жылдары кәсіпорын Ан-148 регионалдық жолаушы ұшағын жасап бастады, ал 2004 жылы 17 желтоқсанда оның алғаш ұшуы болды.
Соңғы жылдары «Антонов» АҒТК тек әуе көлігін ғана емес, сонымен қатар жер үсті көліктерін де жасауда: «Киевский» троллейбусы; ЛТ-10А төмен еденді трамвайы; Жеңіл автоматтандырылған РАДАН; метрополитені; велорамалар; бобслей шаналары.
Жылдар бойынша ТКБ тарихы 1930 — планерлік Осоавиахим КБ-сы 1933−1938 — Тушинодағы планерлік зауытының конструкторлық бюросы 1941 — Каунастағы санитарлық ұшақтың сериялық өндірісін ұйымдастыру; Тюменьге эвакуация 1943 — ОКБ-115-ды жұмыс атқарып бастады 1945 — ОКБ-115 А.С. Яковлевтің филиалы (Новосибирск қаласы) 1946 — ОКБ-153 1952 — ГСОКБ-473 (Киев қаласы) 1966 — Киевский МЗ 1983 — О.К. Антонова атындағы ТКБ 1989 — АНТК «Антонов» 2005 — «„Антонов“ ұлттық бірлестігі» мемлекеттік ұшақ жасаушы корпорациясы 2009 — «Антонов» мемлекеттік авиақұрылыс концерні
Концерн құрамы «„АВИАНТ“ Киевтік авиациялық зауыты» мемлекеттік кәсіпорны; «О.К. Антонова атындағы АҒТК» мемлекеттік кәсіпорны; «Азаматтық авиацияның 410 зауыты»; Харьков мемлекеттік авиациялық өндіріс кәсіпорны; «Авиалинии Антонова» әуе компаниясы.
ТКБ-ның ұшу аппараттары
Ерте жұмыстар А-2, 1942 А-7/РФ-8, 1940 ОКА-38/СС-1/Шс, 1940
«Ан» ұшақтары нобай|Ан-50 тасымалдаушы ұшағының жобасы АтауыСипаттамасыЖасалуыАлғаш ұшуыАн-2Жеіңл көпмақсатты ұшақ1946 жылы1947 жылы 31 тамызАн-3Жеіңл көпмақсатты ұшақ1967 жылы1980 жылы 13 мамырАн-4Жеңіл тасымалдаушы ұшақ1950 жылы1951 жылы 31 шілдеАн-6Жоғары биіктіктік ауа райы барлаушысы1948 жылы1948 жылы 21 наурызАн-8Әскери-тасымалдаушы ұшақ1954 жылы1956 жылы 11 ақпанАн-10 «Украина»Ортамагистральді жолаушы ұшағы1955 жылы1957 жыы 7 наурызАн-12Тасымалдаушы ұшақ1955 жылы1957 жылы 16 желтоқсанАн-14 «Пчёлка»Тасымалдаушы ұшақ1950 жылы1950 жылы 14 наурызАн-22 «Антей»Тасымалдаушы ұшақ1960 жылы1965 жылы 27 ақпанАн-24Турбовинтті жолаушы ұшағы1958 жылы1959 жылы 20 қазанАн-26Әскери-тасымалдаушы ұшақ1964 жылы1969 жылы 21 мамырАн-28Жолаушы ұшағы1968 жылы1973 жылы 29 қаңтарАн-30Әуе бақылауы мен аэрофототүсіру ұшағы1964 жылы1967 жылы 21 тамызАн-32Көпмақсатты тасымалдаушы ұшақ1975 жылы1976 жылы 9 шілдеАн-34Тасымалдаушы ұшақ1961 жылы1961 жылы 4 қыркүйекАн-38Жолаушы ұшағы1989 жылы1994 жылы 23 маусымАн-50Тасымалдаушы ұшақАн-70Әскери-тасымалдаушы ұшақ1987 жылы1994 жылы 16 желтоқсанАн-71Алыс радио-локациялық табу ұшағы1983 жылы1985 жылы 12 шілдеАн-72Көпмақсатты тасымалдаушы ұшақ1976 жылы1977 жылы 31 тамызАн-74Тасымалдушы ұшақ1980 жылы1983 жылы 29 қыркүйекАн-124 «Руслан»Әлемдегі ең ірі сериялық жүк тасымалдаушы ұшақ1971 жылы1982 жылы 24 желтоқсанАн-140Жолаушы және жүк тасымалдаушы ұшақ1993 жылы1997 жылы 17 қыркүйекАн-148Жақынмагистральді жолаушы ұшағы2001 жылы2004 жылы 17 желтоқсанАн-158Ортамагистральді жолаушы ұшағы2009 жылы2010 жылы 28 сәуірАн-180Ортамагистральді жолаушы ұшағы1991 жылыАн-218Кең фюзеляжды жолаушы ұшағы1991 жылыАн-225 «Мрия»Әлемдегі ең үлкен, ауыр және жүк сыйымдылығы көп ұшақ1984 жылы1988 жылы 21 желтоқсан
Танымал қызметкерлер Антонов, Олег Константинович — 1946—1962 жж. бас конструктор 1946—1962, басшы конструктор 1962—1984. Балабуев, Пётр Васильевич — 1984 жылдан 2005 жылыдың мамырына дейін Антонов атындағы КБ бас конструкторы , Украина қаһарманы. Кива, Дмитрий Семенович — 2005 жылдан 2014 жылдың сәуіріне дейін Антонов атындағы КБ бас конструкторы, Украина қаһарманы.
Тағы қараңыз Туполев КБ
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Ресми сайт Антонов АҒТК тарихы «О.К. Антонов ТКБ-нығ ұшу аппараттары» О.К. Антонов ТКБ-ның кейбір ұшақтарының сипаттамасы