Дмитрий Матвеевич Перевощиков (17 сәуір 1788, Шишкеев, Пенза губениясы, - 3 қыркүйек 1880, Санкт-Петербург) – орыс астрономы және математигі, Петербург ҒА –ның академигі (1855). Қазан университетін бітірген (1808). 1816 жылдан профессор. 1848-51 ж. Мәскеу университетінің ректоры. 1830-32 ж. Оның инициативасымен және оның басшылығымен Мәскеу обсерваториясы салынды. 1851 ж. Петербургке ауысты. Ол Мәскеу университетінде сералық және теориялық астрономиядан планеталар қозғалысының ұйтқу теориясы бойынша, сондай-ақ физика мен математикадан лекциялар оқыған.Орыс тілінде астрономия мен математикадан бірнеше оқулықтар да жазды.

Санат:Қазан университеті түлектері Санат:Астрономдар Санат:Ресей астрономдары Санат:Математиктер Санат:Ресей математиктері Санат:Механиктер Санат:Ресей механиктері