Сілтісіздендіру Жүру процесі Сілтісіздендіру - еріткіш көмегімен қатты материалды, әр түрлі құраушыларға ажырату, яғни қатты заттың бір не бірнеше құраушыларын сулы немесе органикалық еріткіштер көмегімен ерітіндіге айналдыру процесі. Бұл процесс қатты зат ұнтағын сұйық еріткіш пен газ ( мысалы, ауа) газ қосылған ортада араластыру (алтын, уран рудаларын, сульфидті концентраттарды сілтісіздендіру) тәсілдерімен жүргізіледі. Сілтісіздендіру процесі еріткіштің қасиеттеріне, қатты заттың құрылымы мен сипаттамаларына, араластыру дәрежесіне, сыртқы әсерлерге (қысым, температура т.б.) сәйкес әр түрлі жылдамдықпен өтеді. Сілтісіздендіру процестеріне ағаш құрамынан лигнин бөліп алу, қызылша құрамындағы қантты ыстық суда еріту (мысалы, Алматы қант зауытында), концентраттар мен рудалардан металл бөліп алу (республикамыздың көптеген металлургиялық өнеркәсіптерінде: Өскемендегі қорғасын-мырыш комбинаты, Шымкент қорғасын зауытында кеңінен тараған), тұзды топырақтарды шаю (табиғи және жасанды түрде) мысал болады. Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1977 ж. 10-том, Самал Жел-Тегене. 502-бет Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Сілтісіздендіру · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.