Тал түстік сызық Мағынасы Тал түстік сызық - аспан меридианы жазықтығының математикалық горизнт жазықтығымен қиылысатын түзу сызығы. Ол аспан сферасымен солтүстік және оңтүстік нүктелерінде қиылысады. Тал түстік сызыққа горизонт жазықтығындағы перпендикуляр бағыт аспан сферасының шығыс және батыс нүктелерін анықтайды. Нағыз тал түс мезгілінде (Күн дискісінің меридианды қиып өткен кезінде) Күн горизонт үстінен ең үлкен биіктікте болып, жер бетіндегі заттардың көлеңкесі тал түстік сызықтың бағыты бойынша орналасады. Осы кезде көлеңке барынша қысқарады. Бұл құбылыс тал түстің басталу кезінің және дүние тараптарының ( горизонт жақтарының) бағытын жуықтап анықтауға мүмкіндік береді. Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1977 ж. 10-том, Самал Жел-Тегене. 535-бет Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Тал түстік сызық · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.