Тасбүлдірген Кездесетін жерлері және тұрпаты Тасбүлдірген - (Rubus saxatilis)- қарабүлдірген туысына жататын жидекті, көп жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 10-30см, гүл сабағы тік, жеміссіз, жапырақты өркендері 40-100 см, жерге сұлап өседі. Жапырақтары үш-үштен орналасқан, ұзындығы- 3-11 см, ені 2-7 см, мамыр- маусымда гүлдейді, гүлдері көбіне сабақ ұшына 3-10 нан шатырша не шашақ тәрізді гүл шоғырына топтанған. Жемісі тәтті, қышқылтым, қызыл, бір-бірімен (2-6) нәзік жалғасқан сүйекті жеміс. Еуразияның орманды жерлерінде, оның ішінде Қазақстанда қайыңды шоқ ормандарда, қылқан жапырақты ормандарда, бұта арасында, таудың тастақты беткейлерінде, батпақты жерлерде өседі. Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1977 ж. 10-том, Самал Жел-Тегене. 571-бет Дереккөздер

Санат:Раушангүлділер