thumb| Балқоспақ немесе қоспақ-1 - бура мен нар-маядан туған будан.
Екі өркешінің түп жағы қосылып тұрғандай көрінетіндіктен "қоспақ" деп атаған. Балқоспақ И.Жұмағұловтың мәліметі бойынша (1947), биіктігі 177,9 см; тұрқы 146,2 см; кеуде орамы 229 см; жіліншік орамы 20см. Нар-маядан 4,85 кг айырдан 6,55 жүн алынса, Балқоспақтан 6,01 кг жүн алынған (бұрынғы 125 түйе зауытының мәліметі). Оңтүстік Қазақстан облысындағы 125 түйе зауытында жүргізілген ғылыми жұмыс Балқоспақты айыр түйемен будандастырғанда, олардың 3-4 ұрпағы ірі, айыр түйеге көбірек ұқсайтын әрі бота кезінде дұрыс азықтандырып, бағып күтсе, өнімі де мол болатынын дәлелдеді Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том .
Дереккөздер
Санат:Жануарлар Санат:Үй жануарлары Санат:Көнтабандылар