Толғақшөп () – көкгүлдер тұқымдасына жататын көп жылыдық өсімдік. Оның сабағы тік, төрт қырлы болып келеді. Қарама-қарсы орналасқан сопақша немесе түзу қияқты жапырақтарының бетінде ұзынша тарама тарамасы болады. Кішкене ал-қызыл гүлдері қалақан тәрізді гүл шоғырына топталған. Биіктігі 15-30 см. Химиялық құрамы Толғақшөптің құрамында: түссіз призмаға ұқсас эритаурин және эритроцитаурин - түссіз кристалдар бар. Одан эритрицин деп аталатын алкалоид және эфир майы мен шайыр да бөлініп алынады.

Дереккөздер «Дәрілік өсімдіктер энциклопедиясы» М. Қожабеков. Санат:Көкгүлдер Санат:Дәрілік өсімдіктер