Қамсыздандыру компаниясы Негізгі міндеттері Қамсыздандыру компаниясы - Ресейде 1912 жылғы 23 маусымдағы қамсыздандыру заңдары негізінде 1912-1914 жылы құрылған, ауруларға арналған кассалар мен жоғары қамсыздандыру мүшелері. Оны РСДЖП басқарды. «Қамсыздандыру компаниясын» жүргізуде «Правда» газеті мен «Вопросы страхования» журналы зор рөл атқарды. Үкімет аурулар кассасы мен қамсыздандыру серіктерін ашып, жоғары қамсыздандыру мүшелеріне «сенімді» жұмысшылардан тағайындамақ болды. Бірақ пролетариат В. И. Ленин жасап, РСДЖП бүкіл ресейлік 6-(Прага) конференциясы қабылдағанбольшевиктік жұмысшы қамсыздандыру программасын басшылыққа алды. Заводтар мен фабрикаларда митингілер мен стачкалар өтіп, қамсыздандыру жағдайын жақсарту талаптарын қойды. РСДЖП ОК-нің партия қызметкерлерімен өткізген 1913 жылы «Ақпан» кеңесі «Қамсыздандыру компаниясын» жандандыруға әсер етті. «Қамсыздандыру компаниясын» жедел өткізу жөніндегі үкімет жоспары жүзеге аспай қалды. 1912 жылы Петербургте үкімет 8 ғана аурулар кассасын аша алды. Жұмысшыларды өнеркәсіп салаларына сәйкес бөліп, ыдырату жоспарынан да ештеме шықпады. 1913 жылы қазанның аяғында Петроград большевиктері «Қамсыздандыру компаниясына» басшылық ететін жалпы қалалық қамсыздандыру орталығын құрды. Москва, Харьков, Рига, Екатеринославта да «Қамсыздандыру компаниясы» ойдағыдай жүргізілді. Петербургте 1914 жылы 2 наурызда Қамсыздандыру советі мен губерниясы қамсыздандыру мүшелерін сайлауда большевиктер тағы да табысқа жетті. Қамсыздандыру советінің жұмысшы советінің жұмысшы тобына «Правда» газеті ұсынған кондидаттар өтті. «Қамсыздандыру компаниясын» өткізу барысында өнеркәсіптік аудандарында жүздеген аурулар кассасы құрылып, олар большевиктер партиясының әрекеттерін бүркемелейтін ашық орталық ретінде пайдаланылды. Қазақ Совет Энциклопедиясы, 1997 ж. 3-том. 442-бет Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Қамсыздандыру компаниясы · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.