Түшікқоға () – астық тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Биіктігі 45-90 см, аздап шым түзеді. Сабағы тықыр, беті тегіс, масақ салғанда беті бұдырланып түктенеді. Жапырақтары жалпақ не шеті қайырыңқы, ені 3-6 мм, қатты, жүйкелері қалың, жасыл. Масағының ұзындығы 7-12 см, ені 5-11 мм, масақшалары екі-екіден, сирегірек, үш-үштен орналасқан, ұзындығы 8-13 мм, 3-5 гүлді. Маусым және шілдде айларында гүлдейді. Түшікқора Монғолияда, батыс және Шығыс Сібірде, Орта Азияда, Қазақстанның барлық жерінде дерлік сор жіне сортаң шабындықтарында таралған. Тауда, шөл құмдарында кездеспейді. Қазақ совет энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Астық тұқымдасы