Лобелия () – қоңыраугүлдер тұқымдасының бір туысы. Бір жьлдық кейде көп жылдық бұта, не шала бұта. Жапырағы кезекті орналасқан. Гүлі қос жыпысты. Жемісі — қауашақ. Л. тамыр атпасы арқылы көбейеді. Азия, Америкада,Австралияның тропик, субтропик аймағында таралған 350, Европада 2. Л. батпақты жерлерде, өзен, көл жағасында өседі. Лобелия— Қиыр Шығыста күріш егіс-тігінің арам шобі. Лобелияның тамырынан, түйнегінен лобелин алынады, онан ме-дицинада дәрі жасалады. Лобелияны әсем-дік үшін парк, гүлзарларда өсіреді. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қоңыраугүлділер