Тоңазыту машинасы - жасанды салқындату (суыту) процесін сырттан келтірілген энергия арқылы жүзеге асыратын машина. Ол компрессорлық, жылулық және термоэлектрлік болып ажыратылады. Компрессорлық тоңазыту машинасы Компрессорлық тоңазыту машинасында — газды және булы тоңазыту машинасы.Компрессорлық тоңазыту машинасында (газды және булы тоңазыту машинасы) сығу процесі тоңазыту агентігінің көмегімен атқарылады. Жылулық тоңазыту машинасы Жылулық тоңазыту машинасында абсорбциялық және бу эжекторлық тоңазыту машинасы жылу эенргиясы пайдаланылады. Термоэлектрлік тоңазыту машинасы Термоэлектрлік тоңазыту машинасындағы салқындату процесі Пельтье құбылысын пайдалануға негізделген. Тоңазыту агенті Тоңазыту агенті - тоңазыту машинасының жұмыстық заты. Бу компрессиялық тоңазыту машиналарында тоңазыту агенті ретінде фреондар (фреон-12, фреон-13, фреон-22 т.б.), аммиак, көмірсутектер (пропан, этан, этилен) т.б., абсорбциялық тоңазыту машиналарында аммиактың судағы ерітінділері мен бромды литий, ал бу эжекторлық машиналарда су буы пайдаланылады.