Қоғалыкөл (1997 жылға дейін — Октябрь)Оңтайландыру жұмыстары — Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы ауыл, Қоғалыкөл ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Тереңөзек ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 45 км жерде, сарсазан, қамыс, құрақ, т.б. шөптесін өскен Сырдария аңғарының бозғылт сұр, шалғынды сұр топырақты шөлдік белдемінде орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2771 адам (1400 ер адам және 1371 әйел адам) болса, 2009 жылы 2774 адамды (1409 ер адам және 1365 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы
Тарихы 1952 жылы мұндағы шағын 4 ұжымшар бірігіп Сталин атындағы ұжымшар аталды. Қоғалыкөл ауданы осы ұжымшардың, 1957-1972 жылдары «Октябрь» ұжымшарының, 1972-1995 жылдары күріш өсіретін Жамбыл атындағы кеңшардың орталығы болды. 1991 жылға дейін «Октябрь» деп аталған. Кеңшар негізінде 1994 жылы 9 шаруа қожалығы құрылды. 2000 жылы олар «Қоғалыкөл» ЖШС-іне және 3 шаруа қожалығына бірікті. Ауыл маңында ежелгі Қыштөбе, Жент, Жетімасар, Асанас, т.б. қалалардың орны сақталған. Сонымен қатар, 18 ғ-да салынған Құлболды ишан мазары, Бәлтік мешіті бар.
Дереккөздер
Санат:Сырдария ауданы (Қызылорда облысы) елді мекендері