Кения полициясы — Кениядағы құқық қорғау органдарына жауап беретін ұлттық орган.

Құрылымы Ұрлыққа қарсы топ; Қылмыстық іздестіру; Жол полициясы басқармасы; Кениялық полиция колледжі; Кения темір жолдарының полициясы; Туристтер істері бойынша полиция бөлімшесі; Кения әуежайларының полициясы; Теңіз полициясы; Дипломатиялық полиция.

Полиция қызметкерлерінің атақтары (шендері)

thumb|Кения полициясының әуе бөлімшесі thumb|Кения полициясының Ми-17 тікұшағы Кения полицейлері погондарын униформаларының иықтарына (Бас инспектор — инспектор) және жеңдеріне (аға сержант — констебель) тағады. Кенияда жүргізіліп жатқан реформалар аясында униформалар комитеті атақ құрлымын белгілейтін эмблемаларды өзгерту жұмыстрын жүргізіп жатыр. Бұл жаңа нұсқалар Полиция қызметі бойынша Ұлттық комиссияның қарауынан өтуі керек.. Кения полициясындағы атақтар келесідей ретпен белгіленген:

Бас инспектор (бұрын Полиция комиссары) — Кения Қорғаныс күштерінің (КҚК) 4-жұлдызды Армия генерал атағының эквиваленті; Бас инспектордың орынбасары — КҚК-нің 3-жұлдызды генерал-лейтенант атағының эквиваленті; Бас инспектордың аға көмекшісі — КҚК-нің 2-жұлдызды генерал-майор атағының эквиваленті; Бас инспектордың көмекшісі — КҚК-нің 1-жұлдызды бригадир атағының эквиваленті; Аға басшы (суперинтендант) — КҚК-нің полковник атағының эквиваленті; Басшы (суперинтендант) — КҚК-нің подполковник атағының эквиваленті; Басшы көмекшісі — КҚК-нің майор атағының эквиваленті; Аға инспектор — КҚК-нің капитан атағының эквиваленті; Инспектор — КҚК-нің лейтенант атағының эквиваленті; Аға сержант — КҚК-нің аға сержант атағының эквиваленті; Сержант — КҚК-нің сержант атағының эквиваленті; Констебль — КҚК-нің қатардағы жауынгер мен капрал атағының эквиваленті;

Кения полициясының бұрынғы атақтары мен ерекшелену белгілерін көру үшін келесі сілтемені қарасаңыз болады.

Полицияның комиссарлары мен бас инспекторлары Келесі адамдар Кения полициясының комиссары қызметін атқарған: Бернард Хинга (Bernard Hinga) 1964–1978 Бен Гези (Ben Gethi) 1978–1982 Бернард Нжину (Bernard Njinu) 1982–1988 Филипп Килонзо (Phillip Kilonzo) 1988–1993 Шедрак Кируки (Shedrack Kiruki) 1993–1996 Дункан Уачира (Duncan Wachira) 1996–1998 Филимон Абонго (Philemon Abong’o) 1998–2002Daily Nation website, 30 желтоқсан 2008: Former police chief Nyaseda dies in hospital Эдвин Ньюаседа (Edwin Nyaseda) 2002–2003 Генерал-мойор Мұхаммед Хусейн Әли (Mohammed Hussein Ali) 2004–2009 Мэтью Кирай Айтири (Mathew Kirai Iteere) 2009–2012

Келесі офицер 2010 жылғы конституция бойынша енгізілген Кения полициясының бас инспектор қызметін атқаруда Дэвид Муоле Кимайо (David Mwole Kimaiyo) 2012 http://www.standardmedia.co.ke/?articleID=2000073579&story_title=Kenya-Kimaiyo-to-be-sworn-in-Monday

Дереккөздер

Санат:Кения