thumb|300px|right| ΒΑΣΙΛΕΩΣ ΑΝΤΙΟΧΟΥ («базилевс Антиохии») деген жазуы бар күміс мәнет Басилей (; немесе басилевс, базилевс, василевс) - Ежелгі Грекидағы Микен дәуіріндегі монархтардың атауы, сонымен бірдей орта ғасырда Византия императорларының ресми лауазымы. Скифтардың және Боспор патшалығының патшаларын да солай атаған. Гомер кезінде тайпаның немесе тайпалар одағының басшысы. Алғашқыда сайлаумен тағайындалатын, кейін мұрагерлікке көшті. Афиныда патшаның билігі жойылғаннан кейін (дәстүр бойынша б.з.б. 11 ғ.), Басилей термині екінші архонтты, Спартада патша лауазымдарының бірін, эллиндік мемлекеттерде монархтың атын белгілеу үшін қолданды. Ежелгі Грекия әдебиетінде Рим императорлары Басилей деп аталды Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том.

Дереккөздер

Санат:Ежелгі Грекия