Олимпиада ойындары 300px Ұйымдар Хартия ХОК ҰОК РәміздерСпорт түрлері ОйындарКөне Олимпиада ойындарыЖазғы Олимпиада ойындарыҚысқы Олимпиада ойындарыПаралимпиада ойындарыЖасөспірімдер Олимпиада ойындары

Олимпиада ойындары немесе Олимпиада () төрт жылда бір рет өткізілетін ең ірі халықаралық кешенді спорттық жарыс.

Ежелгі Грекияда болған дәстүр, XIX ғасырдың соңында француздық қоғам қайраткері барон Пьер де Кубертенмен жаңартылды. Алғашқы кезде тек қана жазғы Олимпиада ойындары, төрт жылда бір рет өткізіліп отыратын, дүниежүзілік соғыстар болған жылдарды қоспағанда. 1924 жылы жазғы ойындарымен қатар қысқы Олимпиада ойындары да өткізіле бастады. Бірақ 1994 жылдан бастап жазғы және қысқы ойындар екі жылдық айырмашылықпен өтіп тұрады.

Олимпиада ойындарының ұраны — Citius, altius, fortius немесе "тезірек, жоғарырақ, күштірек". thumb|right|150px|Барон Пьер де Кубертен.

Шығу тарихы thumb|left|200px|Ежелгі Олимпиядағы стадион Олимпиада ойындары ежелгі адамзат баласының өткен тарихының дамуымен байланыстырады. Осы күнге дейін ойынның пайда болу мерзімі нақты айтылмаған. Олимпиада ойындарының пайда болу себебі нақты болмаса да, олимпиада ойындарының пайда болуы жайында эллиндерде бірнеше қызықты аңыздар бар. Алғашқы ойындар Зевс құдайының құрметіне б.з.д. 776 жылдан бастап төрт жылда бір рет Олимпия қаласында өткізілетін. Кейін б.з. 394 жылы Византия императоры Федосий І-нің бұйрығы бойынша тоқтатылды. Бұл ойындарда әскери дайындық, дене шынықтыру өнерін көрсету байқаулары, дәстүрге айналған ақындар мен шешендер айтысы, әр түрлі өнер көрмелері ұйымдастырылған. Олимпиада ойындары кезінде соғыстар тоқтатылып, қасиетті тыныштық орнайтын дәстүр қалыптасқан. Осы кезде бір айдан үш айға дейін бүкіл Эллада жерінде қару жұмсауға, тіпті ойынды тамашалаушыларға қару-жарақпен келуге тыйым салынған. Ол кезде олимпиада ойындары бес күн өткізілген, бағдарламасына жүгіру, күрес, ат жарысы, қоссайыс, бессайыс сияқты спорт түрлері кірген. Жеңімпаздарға зәйтүн ағашының жапырағынан өрілген алқа кигізіліп, құрмет көрсетілген. thumb|right|150px|Алғашқы олимпиада ойындарының қабырға қағазы.

Даму барысы ХІХ ғасырдың орта кезінде Грекияда олимпиада ойындарды қайта жандандыру мақсатында біраз әрекеттер жасалды. Сөйтіп, 1859, 1870, 1875 және 1889 жылдары Афинада грек спортшыларының қатысуымен секіру, жүгіру, диск, найза лақтыру, гимнастика сияқты спорт түрлерінен жарыстар өтті. Олимпиада ойындары бүкіл Грекияны біріктіретін, жалпы ұлттық оқиғаға айналды. Біраз уақыттан кейін гректерге олимпиада ойындардың бірыңғай күнтізбесін бекіту идеясы келді. Алғашында ойын өтуі бір күнге созылса, кейінірек ойынның ұзақтығы бір айға дейін жетті. Ойынды әр төрт жылда астық пен жүзім жинау арасында үнемі өткізіп тұру туралы шешім шығарды. Қоғам қайраткері - Пьер де Кубертеннің олимпиялық ойындар өткізу жөніндегі ұсынысын қабыл алған Францияның оқу ағарту министрі оған дене тәрбиесін дамыту жөніндегі халықаралық конгресс шақыруды табыстады. Содан 1894 жылы маусым айында 12 елдің қатысуымен конгресс өз жұмысын өткізді. Оған қатысушылар Пьер де Кубертеннің баяндамасын талқылап, 1896 жылы 1-олимпиялық ойындарын Афина қаласында өткізу жөнінде шешім қабылдады. Халықаралық олимпиада комитетінің тұңғыш басшысы болып грек Деметриус Викелас сайланды. Сонымен қазіргі заманғы алғашқы олимпиада ойындары 1896 жылы сәуір айының 6-15 аралығында Афинада өтіп, оған 13 елден 311 спортшы қатысты.

Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері Алғашқы үш орынға орналасқан спортшылар немесе командалар, медальдарға иеленеді. Жеңімпаздар алтын медальға (шынында күмістен жасалып, алтын жалатылған), екінші орынға орналасқандар күміс медальға, ал үшінші орындағылар қола медальға ие болады.

Бүл дәстүр, Лондонда өткен 1908 жылғы жазғы Олимпиада ойындарынан басталады. Афина қаласындағы алғашқы Олимпиада ойындарында тек қана бірінші және екінші орындарға ие болғандар ғана медальдармен марапатталатын, ал 1900 жылы Парижде және 1904 жылы Сент-Луисте медальдардың орнына кубоктар мен басқа сыйлықтар сыйлаған болатын.

Бұл Олимпиада ойындарының алтын медальдарына ең көп ие болған спортшылар тізімі. СпортшыЕлСпорт түріОлимпиада21px|center|Алтын21px|center|Күміс21px|center|ҚолаБарлығыМайкл Фелпс Жүзу 2000-б.к. 14 0 2 16Рей Юри Жеңіл атлетика 1900-1908 10 0 0 10Лариса Латынина Гимнастика 1956-1964 9 5 4 18Пааво Нурми Жеңіл атлетика 1920-1928 9 3 0 12Парк Спитц Жүзу 1968-1972 9 1 1 11Карл Льюис Жеңіл атлетика 1984-1996 9 1 0 10Дэли Бьорн Шаңғы жарысы 1992-1998 8 4 0 12Савао Като Гимнастика 1968-1976 8 3 1 12Дженни Томпсон Жүзу 1992-2004 8 3 1 12Мэтт Бионди Жүзу 1984-1992 8 2 1 11Николай Андрианов Гимнастика 1972-1980 7 5 3 15

Екі түрлі спорт түрінен чемпиондар болған спортшылар Қысқы және жазғы Эдди Иган (1897/1967) - Бокс 1/0/0 және Бобслей 1/0/0 Якоб Тулин Тамс (1898/1954) - Шаңғы жарысы 1/0/0 және Желкенді спорт 0/1/0 Криста Лудинг (1959) - Мәнерлеп сырғанау 2/1/1 және Велоспорт 0/1/0 Клара Хьюз (1972) - Велоспорт 0/0/2 және Мәнерлеп сырғанау 1/1/2

Жазғы Отто Хершман (1877/1942) - Жүзу 0/1/0 және Семсерлесу 0/1/0 Пол Радмилович (1896/1968) - Жүзу 1/0/0 және Су добы 3/0/0 Джонни Вайсмюллер (1904/1984) - Жүзу 5/0/0 және Су добы 0/0/1 Росвита Краузе (1949) - Жүзу 0/1/0 және Қол добы 1/1/0 Тим Шоу (1957) - Су добы 0/1/0 және Жүзу 0/1/0 Ребекка Ромеро (1980) - Есу 0/1/0 және Велоспорт 1/0/0

Қысқы Зузи Эрдман (1968) - Шана спорты 0/1/1 және Бобслей 0/0/1 Герда Вайссенштайнер (1969) - Шана спорты 1/0/0 және Бобслей 0/0/1

Олимпиада нышандары thumb|right|250px|Лозаннадағы Олимпиада мұражайы. Олимпиада қозғалысы көптеген нышандарды қолданады, негізінде олардың барлығы барон Пьер де Кубертеннің мұраттары мен ойларынан жаратылған.

Осы нышандардың ішіндгіе ең танымалы, 1920 жылдан бастап әр бір ойында көтерілетін бес сақина суреттелген олимпиада туы шығар. Олимпиада туы, ақ түсті матаның үстінде, бес түрлі-түсті сақина суреттелген ақ түсті мата болып табылады. Әр бір сақина, бес түрлі құрлықты білдіреді: Еуропаны, Азияны, Африканы, Америка мен Океанияны. Барлық сақиналар бір-бірімен байланысқан және Олимпиада ойындары рухының жан-жақтылығын білдіреді.

Бес сақина үшін таңдалған түстер (солдан оңға қарай): көк, сары, қара, жасыл және қызыл. Осы ту таңдалған кезде ақ фонмен қатар, бұл түстер әр бір елдің туында бар еді, сондықтан да бұл сақиналар тек қана құрлықтарды емес, әлемдегі барлық елдерді білдіреді.

Олимпиада ойындарының ресми ұраны "Citius, Altius, Fortius", латын тілінен аударғанда "Тезірек, Жоғарырақ, Күштірек" деген мағынаны білдіреді. Бұл ұран алғашқы рет 1924 жылы Парижде қолданылған болатын, бірақ Кубертеннің айтқан Ең бастысы – жеңіске жету емес, қатысу - деген бейресми ұранға айналған нақыл сөздің маңыздылығы кем емес.

Олимпиада оты, күн сәулелерінен Олимпия қаласында тұтандырылады. Бұл дәстүр алғаш рет 1936 жылғы Берлинде өткен Олимпиада ойындарында пайда болды. Олимпиада оты, эстафета арқылы ойындар өтетін орынға дейін әкелініп, ашылу салтанаты кезінде Олимпиада тостағанында от жандырылады және жабылу салтанатында өшіріледі.

Олимпиада ойындарындағы спорт түрлері + Ресми спорт түрлеріXIX ғасырXX ғасырXXI ғасырСпорт түрі9600040608122024283236485256606468727680848892960004081216Жеңіл атлетика21px12232521263029272729293333333436363837384142434446464747#Есу21px 5564457777777777714141414141414141414#Бадминтон21px ·  · 455555#Баскетбол21px · ·  111111112222222222#Бокс21px 7 5 88888810101010111111111212121212111113#Байдарка-каноэБайдаркада және каноэде есу21px ·  9999777711111212121212121212#Слаломдық есу21px 4 444444#ВелоспортБМХ21px 22#Маунтинбайк21px 22222#Трек жарысы21px52756 44444444455544567812121010#Шоссе жарысы21px1 1 22222222222222233344444#Ат спорты21px 3 5756566665666666666666##Семсерлесу21px375845677777778888888881010101010#Футбол21px 11111111 111111111111122222#Гольф21px 22  #Гимнастикаспорттық21px8111424498119915151414141414141414141414141414#көркем21px 11122222#батут21px 2222#Ауыр атлетика21px 2 22 5555567777799101010101015151515#Қол добы21px  1 12222222222#Көгалдағы хоккей21px 1 1 11111111111222222222#Дзюдо21px 4 66887141414141414#Күрес21px 1 8410510131314141616161616162020202020202016181818#ЖүзуЖүзу21px47946910111111111111131518292926262931313232323434#Синхронды жүзу21px 22212222#Суға секіру21px 21245544444444444444448888#Су добы21px 11 111111111111111111112222#Қазіргі бессайыс21px 11111112222222222212222#Регби21px 1 1 11  #Таэквондо21px · ·  8888#Теннис21px24246855 ·  · 4444445#Үстел теннисі21px 4444444#Садақтан ату21px 66 3 10 22224444444#Нысана көздеу21px 59 1615182110 234776678771113131517171515#Триатлон21px  2222#ВолейболЖағажай волейболы21px · 22222#Волейбол21px 2222222222222#Желкенді спорт21px 7 4414334455555566678101011111110# Барлық жарыстар 43 86 96 78 110 102 156 126 109 116 129 136 149 151 150 163 172 195 198 203 221 237 257 271 300 301 302 300 #

Олимпиада ойындарының өткізілу орындары thumb|right|225px|Жазғы Олимпиада ойындарын өткізген елдер. Ойындарды бір рет өткізген елдер жасыл түспен, ал екі немесе одан да көп рет қабылдаған елдер көк түспен көрсетілген.thumb|left|225px|Қысқы Олимпиада ойындарын өткізген елдер. Ойындарды бір рет өткізген елдер жасыл түспен, ал екі немесе одан да көп рет қабылдаған елдер көк түспен көрсетілген.

Кезекті Олимпиада ойындары өткізілетін қала, ойындарға 7 жыл қалғанда арнайы Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) сессиясында анықталады. Қала, ресми мәлімдемесін тапсырған бірнеше қала-кандидаттарының ішінен таңдалады. Таңдау кандидат елдерінің өкілдері мен ХОК президенінен басқа барлық ХОК мүшелерімен тура құпиялы жолы арқылы өтеді.

Ереже бойынша, соңғы дауыс беру рәсіміне кандидаттар тізімі арасында бес қаладан артық болмауы тиіс, бұл тізім бір жыл бұрын ХОК мүшелерінің алдын ала дауыс беру нәтижесінде анықталады. Жеңімпаз кандидат дауыстардың жарытысынан артық жинау керек. Егер жеңімпаз алғашқы айналымда анықталмаса, онда екінші және кейінгі айналымдар өткізіледі. Әр бір айналымнан кейін ең аз дауыс жинаған бір кандидаттан күрестен шығып кетіп отырады. Сонда ғана, кандидат елдерінің өкілдері қайтадан дауыс бере алуға құқысына ие болады.

Ең көп Олимпиада ойындарын өткізген ел - АҚШ — 8 рет (4 рет — жазғы және 4 рет — қысқы). Франция 5 рет (2/3), Ұлыбритания 3 рет (3/0), Германия 3 рет (2/1), Жапония, Италия, Канада 3 рет (1/2). Аустралия жазғы ойындарын бір рет өткізген, ал Австрия, Швейцария және Норвегия қысқы ойындарын. Швеция, Бельгия, Нидерланд, Финляндия, КСРО, Мексика, Оңтүстік Корея, Испания және Қытай бір рет жазғы ойындарын өткізген. Югославия (Босния және Герцеговина) бір рет қысқы ойындарын қабылдаған. Барлығы 21 ел. Жазғы ойындары 18 елде, ал қысқы 11 елде өткізілген.

Қалалар арасында Олимпиада ойындарын ең көп қабылдаған қала - Лондон — 3 рет. Лос-Анжелесте, Парижде, Афинада екі реттен жазғы ойындары өткізілген, Санкт-Морицте, Инсбрукте, Лейк-Плэсидте — қысқы. Олимпиада ойындарын өткізген 41 қала (жазғы 22, қысқы 19):

Астында 2020 жылға дейін жазғы және қысқы Олимпиада ойындарының тізімі көрсетілген.