Рахат — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан батысқа қарай 11 км, округ орталығы - Қайназар ауылынан шығысқа қарай 3 км жерде, Іле Алатауының солтүстік баурайында, әр түрлі астық тұқымдас шөптесін өскен қызғылт-қоңыр, қара топырақты жонды-белесті тауалдының көлбеу етегінде орналасқан.
+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен22362391 9438 394,7 1176 4724 401,7 1215 4714 388
Тарихы Ауыл 1964-1997 жылдары Ильич атындағы сүт өндіретін ұжымшардың орталығы болды. Оның негізінде Рахатта бірнеше шаруа қожалығы құрылды.
Инфрақұрылымы Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-окушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Жол жүйесі басқа елді мекендермен автомобильдік жол арқылы байланысады.Жетісу, Энциклопедия. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Еңбекшіқазақ ауданы елді мекендері