Нұржан Жалауқызы Мұхамеджанова (12 қаңтар 1961 жыл, Алматы облысы) — қазақстандық журналист, медиа менеджер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009).http://kaztrk.kz/kz#comand

Білімі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факултетін бітірген. Алматы Жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін үздік тәмамдаған.

Қызметтік өтілі Қазақ радиосының балалар мен жастар редакциясында редактор, бөлім бастығы, Бас редактор қызметтерін атқарған. 1991 жылы Қазақ радиосы «Шалқар» бағдарламасы ақпараттық-сараптамалық редакциясының Бас редакторы, Қазақ радиосы бағдарламалар Бас редакторы, 1992 - 1994 жылдары Қазақ радиосы Бас директорының бірінші орынбасары, Қазақ радиосының саяси шолушысы қызметін атқарды. 1997 жылы ҚР Президенті Баспасөз қызметінде, 1997 - 2006 жылдары «Интерньюс» Халықаралық Ұйымының Қазақстандағы Өкілдігі директорының орынбасары, Атқарушы директоры. 2006 жылы «31 канал» ТРК Атқарушы директорының бірінші орынбасары, Атқарушы директоры, 2008 - 2011 жылдары «31 канал» компаниялар тобы ТРК Бас директоры болды. 2008 - 2011 жылдары Қазақстан Телерадиотаратушылар Ұлттық Ассоциациясының Президенті. 2011 - 2016 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы. 2016 - 2019 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары. 2019 жылғы шілде айы - «Қазақ Радиолары» ЖШС Бас директорыНұржан Жалауқызы «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры қызметіне тағайындалды. 2019 - 2022 жылдары «Алматы» телеарнасының бас директорыНұржан Жалауқызы «Алматы» телеарнасының бас директоры қызметіне тағайындалды .

Марапаттары 2009 жылы ҚР Президентінің жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды. 2014 жылы "Алтын тұғыр" ұлттық сыйлығының иегері. 2015 жылғы 3 желтоқсандағы ҚР Президентінің жарлығымен "Құрмет ордені" мен марапатталды. 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі. 2016 жылы Қазақстан халқы ассамблеясының "Бірлік" алтын медалімен марапатталды.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер «Қазақстан» РТРК» АҚ ресми веб-сайты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының ресми веб-сайты

Санат:Қазақстан журналистері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері