I Георг (, ; 28 мамыр 1660, Ганновер — 11 маусым 1727, Оснабрюк) — 1714 жылдың 1 тамызынан 1727 жылдың 11 маусымы аралығында Ұлыбритания патшасы болған, Ұлыбритания тағына отырған Ганновер әулетінің алғашқы өкілі.

Өмірбаяны

Алғашқы брауншвейг курфюрсті — Эрнст Августың болашық ұлы Георг Людвиг ханзада анасы — I Яковтың немересі — София Ганноверліктің арқасында британ тағына мұрагерлікке ие болды.

1682 жылы Георг немере қарындасы — Софии Доротее Целльстікке үйленеді. Бұл некеден бір ұл — Георг (келешек ағылшын патшасы — II Георг) және бір қыз — София Доротея туады. Алайда 1687 жылы ханзада жұбайымен ажырасады.

Сазгер Георг Гендель сынды өнер қайраткерлерімен замандас болған. Георгтің анасы — София — ағылшын тағының мұрагері қайтыс болады, бірнеше аптадан кейін, яғни 1714 жылдың 1 тамызында Ұлыбритания патшайымы — Анна да дүние салады. Алғашында Георг ағылшын тағынан бас тартады, алайда ганноверлік кенесшілер оны таққа отыруға көндіреді. Ол сол жылдың 18 қыркүйегінде Лондонға келіп Вестминдік аббаттықта тәж кигізу жоралғысын өткізеді.

Қызықты мәліметтер I Георгтің құрметіне АҚШ штаты — Джорджия аталынған. I Георг ұлты — неміс болған, сондықтан өмірінің соңына дейін ағылшын тілін үйренбей кеткен.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Әдебиет

Санат:Британ монархиясы Санат:Ганноверлер