The Ice Bucket Challenge, кейде ALS Ice Bucket Challenge, мұзды суды басқа төгу арқылы латерлды амиотрофиялық склероз ауру жайында ақпаратты көпшілікке таныстыру және зерттеуге қажетті қаражатты жинауға бағытталған шара. Акция 2014 жылы шілде тамыз айлары арасында әлеуметтік желілерде вирустық танымалдыққа ие болды. АҚШ-та адамдар ALS қауымдастығына, Ұлыбританияда MND (Motor Neurone Disease) қауымдастығына ақша аударды. Қазақстанда Ice Bucket Challenge қаржылары жеке қорлар мен басқа да қайырымдылық мақсаттарына жіберілді.
Акция шарты бойынша адам өз басына мұздай суды құйып видеосын шығару керек. Сонымен қатар акцияға қатысушы басқа адамдарға шақырту жібере алады. Шақыртуға жауап беру үшін 24 сағат беріледі. Сол уақыт ішінде шақырылған адам мұзы бар суды құюы шарт. Одан бас тартқан жағдайда қайырымдылыққа ақша беру тиіс.
Пайда болуы
Суық суды басқа құя отырып қаражат жинақтау идеясы бірнеше жерде кезігеді. 2013 жылдың ортасы мен 2014 жылы "Cold Water Challenge" шаралары әлеуметтік желілерде АҚШ-тың солтүстік аудандарында кең танымал бола бастады. Шараға қатысушылар суық суға секірулері керек. Одан бас тартқан жағдайда ракты зерттеуге қаржы беру тиіс болатын.
Ережелері Шақырту жіберілгеннен кейін 24 сағат ішінде акцияны жалғастыру үшін, өзі бар видео түсіруі керек. Біріншіден, шақыртуды қабыл алу үшін тұрған шелек суға мұз салады. Кейін қатысушы шелектегі суды басына төгеді. Содан соң басқа адамды шақыру құқығына ие болады. Шақырту жіберілген адам акцияға қатысады, не қайырымдылық жасауды таңдайды. Екі әрекетті де істеуге болады. Акцияның бір нұсқасында, шақырту алынған адам $10 беруі тиіс (басқа су құюмын қатар). Бас тартқан жағдайда $100 қосады.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер ALS қауымдастығы сайты
Санат:Вирустық видеолар Санат:2014 жылғы трендтер