Жақсыбай – Жайық алабындағы өзен.
Географиялық орны Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 130 км, су жиналатын алабы 2661 км2.
Бастауы Ақтөбе облысы жеріндегі Теректітөбе тауынан (244 м) басталады да Қарағанды құмын жағалап Сұлукөлге құяды.
Гидрологиясы Қар және жер асты суымен толығады. Арнасы енсіз (10 — 12 м), жайылмасы төменгі жағында ғана қалыптасқан. Салалары: Шыңғыссай (15 км), Майлысай (27 км), Ащысай тармағы (46 км). Жылдық орташа су ағыны 0,093 м3/с. Жаздың ортасында суы тартылып, қарасуларға бөлінеді. Мал, шабындық суғарылады. Алабы — табиғи шабындық, шүйгін жайылым.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жайық су алабы өңірі өзендері Санат:Қаратөбе ауданы өзендері