thumb|upright|Пәйкенттен қабырға декорының фрагменті, 10-11 ғғ. thumb|upright|8 ғасырда Бұхара мен Амул арасындағы Пәйкент Пәйкент — Өзбекстан жеріндегі орта ғасыр қаласы (орны Бұхараның оңтүстік-батыс жағында 35 км жерде). Пәйкент іргесі б. з. 1 ғасырда қаланды, 5—7 ғасырда сауда мен қолөнердің ірі орталығына айналды, дәуірлеген кезі — 9—10 ғ. Сол кезде, қала төңірегін қоспағанда, 20 гасырға жуық жерді алып жатты. Пайкент сыртына мұнаралы қорған тұрғызылған. Қала ішінде: қамал, көптеген ғимараттар, сәулетті тұрғын үйлер, шеберханалар салынған. Пәйкент 11 ғасырда құлдырады. 12 және 14—15 ғасырда қайта өркендегенмен бұрынғы қалпына жете алмады. Археологиялық қазба жұмыстары 1914, 1939—40, 1954, 1956 ж. жүргізілдіҚазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том.

Дереккөздер

Санат:Бұхара Санат:Жібек жолының бойындағы қалалар Санат:Өзбекстан көне қалалары