Патры, Патрас (Patrai) — Грекиядағы қала, порт. Пелопоннес түбегінде орналасқан. Халқы 111,6 мың (1971). Мата тоқу, тамақ, қағаз, аяқ киім, химия, металл өңдеу кәсіпорындары, университет (1966 жылдан) бар. Шетке субтропиктік жеміс шығарылады.Қазақ Совет Энциклопедиясы ,9 том
Дереккөздер
Санат:Грекия қалалары