Кристиан Чарльз Филип Бэйл (; , Пембрукшир, Уэльс, Ұлыбритания) — ағылшын актері. Алғашқы кинокарьерасын екі блокбастерден және тәуелсіз шағын жобалардан, арт хаустардан бастаған.
Бейл 13 жасында Стивен Спилбергтің «Күн Империясы» (1987) фильмінде ойнаған ролінде алғаш рет көрермен көзіне түсті. 2000 жылы «Америкалық Есалаң» картинасында қанішер Патрик Бэйтменді сомдаған үшін кино сыншылар назарына ілікті. Ол «Машинист» (2004) киносында Тревор Резникті ойнау үшін 63 фунт салмақ тастайды, сол үшін оған актерлік шебері үшін жақсы абырой алып келеді.
Кристиан Бейл Кристофер Нолан режиссерлік еткен «Бэтмен: Бастама» (2005), «Қара сері» (2008) және «Қара сері: Жандану» (2012) трилогиясында Брюс Уэйн/Бэтменді ойнағаннан кейін көпшілікке таныла бастады. «Күрескер» (2010) биографиялық фильмінде Дикки Эклундты сомдағаны үшін Бейл сыншылардан жақсы баға алды және бірнеше марапаттарға ие болды, соның ішінде бірінші рет Екінші пландағы үздік ер рөлі номинациясы бойынша Оскар және Алтын глобус сыйлықтарының иегері атанады және Екінші пландағы үздік ер рөлі үшін АҚШ Гильдия киноактерлер сыйлығымен марапатталынады. 2013 жылы «Америкалық сергелдең» драмалық комедиясында ойнайды, сол үшін Бейл екінші рет Оскар номинациясына түседі және бұл номинация бірінші рет үздік ер рөлі үшін еді. Сонымен қатар Алтын глобус сыйлығының үздік ер ролі - комедия немесе мюзикл номинациясына да ұсынылады.
Өмірбаяны Бейл Пембрукширде ағылшын отбасында дүниеге келген. Оның Дженни есімді анасы цирк актрисасы, әкесі Дэвид Бейл Оңтүстік Африкадан шыққан кәсіпкер және ұшқыш,Christian Bale profile at FilmReference.com. өзінен басқа үш әпкесі бар.http://www.dailymail.co.uk/news/article-2658216/Secrets-Jay-Leno-revealed-New-book-lifts-lid-celebrity-divas-scenes-craziness-shows-22-year-run.html
Кристиан Бейл: “Мен Уэльсте туғанмын бірақ валлилік емеспін, мен - ағылшынмын” деп мәлімдеген болатын. Оның балалық шағы Уэлсте, Англияның Суррей мен Дорсет графтықтарында және Португалияда өткен. Ол Борнмут мектебінде оқыған бірақ 16 жасында оқудан шығып кеткен.
Оның әке шешесі 1991 жылы ажырасады. Анасы мен әпкесі Шэрон Борнмутта қала береді, өзі әкесімен бірге он жеті жасында Лос Анжелеске көшіп кетеді. Ол 1982 жылы Lenor-дың жарнамасына түседі. 1984 жылы Уэст Энд театрында Роуэн Аткинсонмен бірге Оқымысты спектакліне қатысады.Kamarauskas, K. Christian Bale profile at Thespian Net ; accessed 19 наурыз 2014.
Мансап 1986–1998 220px|нобай|оңға|«Күн Империясының» промоушеніндегі 14 жастаға Кристиан Бейл, ақпан 1988 жыл Кеңестік-скандинавиялық «Мио, Менің Миом» (1987) атты фильмде Бейлдің үлкен кинодағы дебюті болды. Бұл картинада Владимир Грамматиков режиссерлік еткен Астрид Линдгреннің балалар ертегісі бойынша Юм-юм деген кейіпкерді бейнелейді.
1987 соңына қарай ол Стивен Спилбергтің «Күн Империясы» драмалық фильміне түседі. Фильм оқиғасы Джеймс Баллардтың өзі аттас автобиографиялық романның желісі бойынша түсірілген. Сюжет бойынша Бейлдің кейіпкері ата-анасымен Шанхайда тұрып жатады. Екінші Дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін отбасысымен өте нашар жағдайдағы жапон лагерінде тап болады. Кристиан бейл АҚШ Ұлттық киносыншылар кеңесінен «Көрнекті жас актер жұмысы» марапатын алады.
1989 жылы Уильям Шекспирдің пьесасы бойынша «Генрих V» картинасына түседі. Сосын «Қазына аралы» (1990) Роберт Стивенсонның романы және «Джентельменше кісі өлімі» (1991) Джон ле Карренің детективі бойынша қатарынан екі телевизиялық фильмдерге түседі.
1992 жылы Бейл Диснейдің классикалық голливуд жанрындағы «Жаңалық сатушылар» ретро мюзиклінде басты ролді сомдайды. Түсірілім кезінде ол ән айту мен билеуді үйренеді. Картина сәтсіз шыққанмен, сыншылар фильмге қатысқан жас актерлерге жақсы баға берді. Билеуді үйреніп алған соң Бейл келесі картинаға түседі. «Свингерлер» (1993) атты соғысқа қарсы фильмінде актер кәсіби бишілермен бірнеше күрделі хореграфиялық көріністерге қатысады. Бейл актриса Вайнона Райдердің ұсынысынан кейін Джиллиан Армстронгтың 1994 жылы шыққан «Кішкентай әйелдер» фильмінде ойнайды. Диснейдің «Покахонтас» (1995) мультфильмінде Томасты дыбыстады және 1997 жылы Тодд Хейнстің «Нәзік алтын тамыр» картинасында Артур Стюартты бейнелейді. 1999 жылы Кевин Клайн, Мишель Пфайффер, Стэнли Туччи және Руперт Эверетт сияқты жұлдыздармен Уильям Шекспирдің «Жазғы түндегі ұйқы» фильмінде Деметрийді ойнайды.
1999–2004 1999 жылы Бейл Брет Истон Эллистің романы желісі бойынша Мэри Харрон режиссерлік еткен «Америкалық Есалаң» фильмінде қанішер Патрик Бэйтменді сомдады. Бұл жобада Бейлдің орнына Леонардо Ди Каприо болу керек болған, алайда соңғысы «Жағалау» кинокартинасына түсетіні белгілі болды. Кристиан Бейл өзінің кейіпкер мінезін зерттеді, романда суреттелгендей дене бітімін ұқсату үшін күнге күйіп, физикалық түрде дайындалды.Fischer, Paul. "Unmasking an American Psycho." The Cranky Critic; retrieved 15 мамыр 2006. «Америкалық Есалаң» Сандэнс кинофестивалінде 2000 жылы тұсауы кесілді. Роджер Эберт киноны сынға алды, оған порнографияMcCormick, Moira. "Christian Bale – Good Christian Talks About Playing a Yuppie from Hell" Barnes & Noble.com, 5 September 2000; retrieved 15 мамыр 2006. және осы фестивальдегі «жағымсыз кино» деп атады.Kaufman, Anthony. indieWIRE; 14 сәуір 2006; retrieved 15 мамыр 2006. Бірақ та "Харрон сараңдық жайлы романды мансапқор ер адам туралы фильмге айналдырды" деп жақсы шолу жазып кетті.Ebert, Roger. "American Psycho" , Chicago Sun-Times, 14 сәуір 2000; retrieved 17 мамыр 2006.
14 сәуір 2000 жылы Lionsgate картинаны кинотеатрларға шығарды. 2000 жылы қайтадан дәулетті қанішер ролін Джон Синглтонның «Шафт» киносында ойнады. «Америкалық Есалаң» киносынан кейінгі алғашқы басты ролде сомдаған фильмі — Джон Мэдден түсірген «Капитан Кореллидің таңдауы» атты туындысы болды. Мұнда ол басты рөлдегі Николас Кейджтің кейіпкерімен Пелагияның (Пенелопа Крус) махаббаты үшін бақталасқан грек балықшысы Мандрасты бейнеледі. «Барлық кішкентай жануарлардан» кейінгі бұл жоба Бейлдің Джон Хартпен екінші рет бірге жұмыс істеуі еді.
2002 мен 2003 жылдар аралығында Бейл қатарынан үш фильмге түседі. Алғашқысы сыншылардан жақсы баға алған «Лорел Каньон» (2002) драмасы. «Ютландия ханзадасынан» (1994) кейінгі Бейлдің Кейт Бекинсэйлмен екінші рет киноға бірге түсуі еді."Laurel Canyon" at Metacritic ; retrieved 15 мамыр 2006.
Постапокалиптика стиліндегі фантастикалық «От қуаты» фильмінде басты ролдерді Мэттью Макконахимен сомдады. Олар кейіпкерлеріне ену үшін бокспен айналысты.Chavel, Sean. "Interview with Christian Bale of Reign of Fire." UnderGroundOnline; retrieved 8 маусым 2006.
2002 жылы бюджеті 20 млн. доллар құрап, кассалық түсімі бар болғаны 5 млн. доллар тапқан «Эквилибриум» картинасына түседі. Сюжет бойынша болашақ өмірде халықтың бәрі эмоциядан айырылған себебі адамның сезімі кесірінен үшінші дүниежүзілік соғыс болып, бүкіл әлемнің күл талқаны шыққан. Бейл фильмде эмоцияға берілген адамдарды көзін жойып отыратын клерик Джон Престонды сомдады.
Бір жыл үзілістен кейін Бейл психологиялық «Машинист» триллерінде Тревор Резникті ойнау үшін 2004 жылы оралады. Бейл рөлге дайындалып кейіпкерге ұқсау үшін арықтай бастайды. Ол кофе мен алмадан тұратын диетаға отырады, соның арқасында Бейл бірнеше айдың ішінде 63 фунт (27 кг) салмақ тастайды. Түсірілімнен кейін актердің салмағы 55 кг құрады. Бюджеті 5 млн. доллар болған Машинист фильмі Rotten Tomatoes сайтында сыншылардан 77% жақсы баға алды.
Бэтмен трилогиясы thumb|left|upright|Кристиан Бейл, 2005 жыл Бейл «Мәңгілік Бэтмен» (1995) және «Бэтмен және Робин» (1997) фильмдеріндегі кейіпкер Робиннің рөліне байқаудан өтеді, алайда бұл рөль Крис О'Доннеллге бұйырады деген мәлімет тарайды. Дегенмен 2008 жылы Бейлдің берген сұхбатында мұны жоққа шығарды.ShortList (issue 42, page 28), 17 шілде 2008. 2004 жылы «Машинист» фильмінен кейін Бейл басты рөлде Кристофер Ноланның «Бэтмен: Бастама» атты картинада Бэтменді және оның альтер-эгосы Брюс Уэйнді сомдайтыны белгілі болды. Бұл рөлге Джейк Джилленхолмен бақталасқа түскен болатын.Otto, Jeff. "David S. Goyer Talks Batman, Iron Man, Comics and More" IGN FilmForce, 27 February 2004; retrieved 16 мамыр 2006.
Бэтменнің шымыр денесіне ұқсау үшін Бейлге жаттығуға алты ай уақыт берілді. Жеке бапкердің көмегі арқасында жарты жыл шамасында 100 фунт (45 кг) салмақ жинайды. Ол 130-дан 230 фунтқа дейін барады.Jordan, Sean. , Femme Fatales, шілде/тамыз 2005; retrieved 16 мамыр 2006. Кейін ол режиссер қалаған салмағынан асып түскенін байқайды, түсірілім басталған уақытта Бейл салмағын 190 фунтқа дейін түсіреді.
Бейл Бэтмен ролін сомдауға алғашында сенімсіздік танытады. Кейіпкерге ену үшін Бэтмен туралы жазылған әртүрлі комикстерді оқиды. Ол кейіпкері туралы былай сипаттама береді: "Бэтмен ішіне зұлымын тыққан тұйық тұлға. Бэтмен өте адал және өзіне жауап бере алатын жан. Ол кісі өлтіріп немесе озбырлық жасай алады бірақ та ол өз-өзін қолда ұстай біледі." Түсірілім кезінде Бейл үшін ең қиын нәрсе Бэтменнің костюмі болды. "Костюм іші ыстық, терлейсің, маскадан басын ауырып кетеді алайда осы үшін тастап кетпеймін мен Бэтменді ойнауға тиістімін," деп ол айтқан болатын.Dawson, Angela. "Bale on Batman" The Arizona Republic, 10 маусым 2005; retrieved 16 мамыр 2006. Фильм промоушеніндегі сұхбаттарда және арнайы іс шараларда Бейл америкалық акцентті ұстап жүрді.Morales, Wilson. "Batman Begins: An Interview with Christian Bale"; accessed 19 March 2014.
«Бэтмен: Бастама» АҚШ-та 15 маусым 2005 жылы тұсауы кесілді. Шығаруға $ 135 млн кеткен картина әлем бойынша $ 370 млн табыс алып келді. Фильм сыншылар мен жанкүйерлерден жақсы баға алды, соның арқасында Сатурн марапатының үздік актер номинациясы бойынша және MTV Movie Awards-та үздік қаһарман марапатын жеңіп алады.
Бейл Бэтмен рөлін «Қара сері» атты сиквелде жалғастырады. Бұл картина АҚШ-қа 18 шілде 2008 жылы шығады. Алғашқы уик-эндте АҚШ бойынша рекордтық $158,4 млн пайда әкеледі. 10 күн ішінде $ 300 млн, 18 күн ішінде $ 400 млн және 43 күнде $ 500 млн шегіне жетіп, америкалық кассалық түсіміне қатарынан үш рекорд орнатады. Фильм әлем бойынша $ 1 млрд аса табыс жинап, сол уақыттағы ең табысты фильмдерде төртінші орын алады.
Ол картинаның соңғы бөлімі «Қара сері: Жандану» деп аталатын екінші сиквелінде ролін қайтадан сомдайды. «Қара рыцарь: Жандану» АҚШ-та 20 шілде 2012 жылы тұсаукесері болады. Бұл фильм де сыншылардан жақсы баға алып, әлем бойынша $ 1 млрд аса табыс жинайды. Қазіргі уақытта Бейл түскен фильмдеріндегі ең табысты осы картина болып табылады.
2006–2009 thumb|upright|alt=Close-up of Christian Bale's face.|Бейл, 2008 жыл Бэтмен: Бастамасынан кейін Бейл тәуелсіз жобаларға оралады. Ол Дэвид Эйердің «Қиын кездер» криминалды драмасында басты ролде Фредди Родригес және Ева Лонгория сынды актерлермен ойнайды. Бейл посттравматикалық стресске ұшыраған Ауған соғысының ардагері Ішкі Қауіпсіздік Департаментіне федерал агенттігі болып жұмыс істейтін Джим Лютер Дэвис есімді кейіпкерді бейнеледі. Фильм 2005 жылы Торонто кинофестивалінде көрсетіледі, көпшілікке үлкен прокатқа 10 қараша 2006 жылы шығады.
2005 жылы Терренс Малик режиссерлік еткен «Жаңа әлем» картинасына түседі. Фильмде басты ролде Колин Фаррелл Джон Смитті, К'Орианка Килчер Покахонтасты бейнеледі. Бейл мұнда екінші пландағы кейіпкер Джон Рольфты ойнады. Картина АҚШ прокатында сәтсіз болады тек әлем бойынша жинаған табысы ($ 29 млн) кино шығының ақтайды (фильм бюджеті $ 30 млн).
2006 жылы Бейл төрт жобаға қатысады. Неміс режиссері Вернер Херцогтың «Құтқару таңы» әскери драмасында Вьетнам соғысы кезінде ұшағы құлаған АҚШ ұшқышы Дитер Денглерді ойнады. Херцог Бейлдің актерлік шеберіне үлкен әсер қалдырды, ол: "Мен оны өз заманындағы өте талантты актер деп есептеймін. Бэтменге дейін біз өзіміздің жеке ойымызды әлдеқашан жасап қойғанмыз," деген болатын."Herzog Hails Bale" Female First, 24 March 2006; retrieved 17 мамыр 2006.