Анатолий Иванович Ненашев (5.01.1903, Тамбов - 28.09.1967, Алматы) – театр суретшісі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1954).

Өмірбаяны Тамбов көркемсурет училищесінде оқыған. 1930 жылдан Алматы қалысында тұрып, шығармашылық қызметпен айналысты. Қазақ муз. театрының (қазіргі Қазақтың мемлекеттік академия опера және балет театры) бас суретшісі болды (1933 – 65).

Еңбектері Оның эскиздері бойынша театрда қойылған И.В. Коцык пен М.Әуезовтің “Айман – Шолпан” (1938, 1943) Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек” (1934, 1945, 1955; опера декорациясының макеті үшін Париж қаласында ұйымдастырылған Бүкіл дүниежүзілік. өнер көрмесінің алтын медалі берілді, 1937) “Жалбыр” (1935) “Ер Тарғын” (1937, 1954) “Дударай” (1953, 1957) М.Төлебаевтың “Біржан – Сара” (1946, 1957; КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1949) Дж. Вердидің “Аида” (1948) Н.А. Римский-Корсаковтың “Патша қалыңдығы” (1952, 1957) Ю.С. Мейтустың “Жас гвардия” (1955) П.И. Чайковскийдің “Қарғаның мәткесі” Т.Н. Хренниковтың “Дауылда” І.Қожамияровтың “Назугум” (үшеуі де 1956) Дж.Россинидің “Севиль шаштаразы” (1957) спектакльдеріне арналған киімдер мен декорация эскизін жасады. Поэзияға толы түр-түс сәнділігі, ықшамдылық пен ашық бейнелі шешім Ненашевтің суреткерлік шығармасына тән сипаты Қазақтың мемлекеттік академия драма театрында қойылған Әуезовтың “Тас түлек”, Ғ.Мүсіреповтың “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” (1953), Әуезов пен Л.С. Соболевтың “Абай” (1962), А.С. Пушкиннің “Шағын трагедиялар”, Ш.Айтматовтың “Ана – Жер-Ана” (екеуі де 1964; Мемлекеттік сыйлығына, 1966), тағы басқа спектакльдерді көркемдеді.

Марапаттары “Құрмет белгісі” орденімен және медальдармен марапатталған.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том 2 бөлім

Дереккөздер

Санат:5 қаңтарда туғандар Санат:1903 жылы туғандар Санат:Тамбовта туғандар Санат:28 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:1967 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан театр суретшілері Санат:Тамбов көркемсурет училищесі түлектері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Сталиндік сыйлықтың иегерлері Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері